Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

мақсат немесе басқадай жеке мүдделілік бар. Пайдакүнемдік сыл- тау болмай заңсыз баю мақсатына жету мүмкін емес. Пайдакүнемдік немесе басқадай жеке мүдделілік 380-бапта көзделген әскери қылмыстың да субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. Пайдакүнемдік мүдделілікте әскери лауазымды адам ешқандай талан-таражсыз материалдық пайда көруге үмтылады, ал басқадай жеке мүдделілікте - мансапқа, өз кемшілігін жасыруға, сөгіс ал- мауға және т.б. үмтылады. ҚР Жоғарғы сотының 28.10.2005 жыл- ғы «Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» қаулысына сәйкес, ҚК-нің 380-бабында көзделген іс-әре- кеттер, егер әскери лауазымды адам өзіне, басқа адамдарға немесе үйымдарға пайда келтіру мақсатында өз қызмет бабын теріс пай- даланса, сыбайлас жемқорлық қылмыс деп танылады. Субъективтік жағын талдай отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың мынадай сылтаулары мен мақсаттарын бөліп алуға болады: 1 76-баптың 3-бөлігінің «г» тармағы - пайдакүнемдік мақсат; 192-баптың 2-бөлігінің «в» тармағы, 193-баптың 3-бөлігінің «а» тармағы, 209-баптың 3-бөлігінің «а» тармағы - пайдакүнемдік сылтау көрсетілмеген, саралау үшін маңызы жоқ; 307-бап, 308-баптың 4-бөлігінің «в» тармағы, 314-бап, 315- бап: мақсат - не өзі немесе басқа біреулер немесе үйымдар үшін пайда алу, не басқа адамдарға немесе үйымдарға зиян келтіру; 310-31 3-баптар - пайдакүнемдік сылтау бар деп ұйғарылады; 380-бап - пайдакүнемдік немесе өзгедей жеке мүдделілік. Біздің ойымызша, барлық сыбайлас жемқорлық қылмыстар- дың құрамында пайдакүнемдік мақсат пен сылтауды корсету ка ­ жет емес. Олар тек көрсетілген пиғылдар себеп болған іс-әрекет- тер үшін қылмыстық жауапкершілікті бөлектеп алу қажет болған жағдайда ғана баптың диспозициясына енгізіледі. Мысалы, белгілі бір мән-жайларда пайдакүнемдік сылтау мен мақсаттың болмауы сыбайлас қылмыс үшін емес, 31 6-бапта көзделген салақтық үшін қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. 96

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==