Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

контрабанда - тікелей пиғылмен жасалынатын, яғни үлкен көлем- ді тауарлар мен өзге де құндылықтарды кеден шекарасы арқылы заңсыз алып өтетін немесе соны мақсат түтатын әрекет. Қылмыстық заңнамаға 25.09.2003 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, 307-баптың, 308-баптың, 314-баптың, 315-баптың субъективтік жағының міндетті элементі болып табы- латын сылтау - «пайдакүнемдік немесе басқадай жеке мүдделілік» мақсатпен алмастырылған (не өзі немесе басқа адамдар не үйым- дар үшін пайда және артықшылық алу, не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру). Бұл жерде, егер қылмыс басқа адамдар мен ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалса, оны сыбайлас жемқорлыққа жат- қызу дүрыс па деген сүрақ туындайды. ҚР Жоғарғы сотының 13.12.2001 жылғы «Соттардың сыбайлас жемқорлықпен байла- нысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» №18 нормативтік қаулысына сәйкес, «жоғарыда аталған мән-жайлар болмаса, қызмет бабын теріс пайдалану, билікті неме ­ се өкілеттікті асыру, қызметтегі әрекетсіздік және басқадай мемле- кеттік қызмет мүддесіне қайшы қылмыстар сыбайлас жемқорлық- пен байланысты қылмыстарға жатпайды». Сонымен бүл қүрамдар бір жағынан сыбайлас жемқорлық, екінші жағынан ондай емес деп танылып отыр. Мысалы, өзі үшін емес, өзі жүмыс істейтін мекеме үшін сый- ақы алған лауазымды адамның әрекетін сыбайлас жемқорлыққа жатқызуға бола ма? Немесе өзінің жұмыс нәтижесін көтеру мақса- тында жалған әкімшілік хаттама жасаған учаскелік инспектордың іс-әрекетін ше? ҚР ҚК-нің 31 0-бабында («Кәсіпкерлік қызметке заңсыз каты- су») «пайдакүнемдік сылтау, диспозицияда тікелей айтылғанмен, субъективтік жақтың міндетті белгісі болып табылады». Ал бұл жерде пайдакүнемдіктен басқа мүдделілік болуы мүмкін бе? Се- бебі, кәсіпкерлік дегеніміз - меншік түріне қарамастан жеке не ­ месе мемлекеттік шаруашылық жүргізе отырып, қалай да пайда көру болып табылады. ҚК-нің 311 - 313 баптарымен қамтылған парақорлықтың диспозициясының мәнінде пайдақорлық сылтау, 95

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==