Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

ҚР ҚК-нің 176-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеле- ніп алу немесе ысырап ету») 3-бөлігінің «г» тармағында «кінәлінің өзінің немесе басқа біреудің пайдасы үшін бөтен мүлікті ақысыз алып, ол мүліктің меншік иесіне немесе басқадай иегеріне зиян келтірген әрекетін талан-таражға салу» деп түсініктеме береді [123,413-6]. Қазақстан заңнамасы талан-тараждың субъективтік жағының белгісіне пайдакүнемдік мақсатты жатқызады, ал пайдакүнемдік мақсат пайдакүнемдік ниетке қарағанда ауқымды ұғым. Мысалы, бөтен мүлікті иеленіп алған кінәлі адам жеке өзінің баюына үм- тылмауы мүмкін. Айталық, бірлесіп талан-тараж жасағанда оны орындаушы бас пайдасын, ал ұйымдастырушы өш алуды ойлауы мүмкін [124, 3-6]. 193-баптың («Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру») 3-бөлімінің «а» тармағында салдар мен мақсат диспозицияда көрсетілмеген. Бұл қылмыстың субъективтік жағы - заңдастыруды тікелей ниет қылу және мақсат ету. Қылмыс субъектісі мүндай әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін бұрыннан біледі. Заңдастырудағы мақсат, бап мәтінінде тікелей көрсетілмеген- мен, баптың атында келтірілген. Адам біреудің өз заңсыз қызме- тінің нәтижесін заңдастыруына мүмкіндік тудыруды мақсат етеді. Кейбір авторлар «басты мақсаты пайда түсіру болып табылатын адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен босаіуға болмайды» дейді [125, 377-6], яғни олар бүл құрамда пайдакүнемдік мақсат- тың бар екендігін мойындайды. Қандай да бір заңдастыру мақса- тынсыз үрланған мүлікті сатушы адамды 193-бап бойынша жауап- қа тартқанда іс-әрекетті дүрыс сараламау орын алады. Сондықтан заң шығарушы қылмыстың субъективтік жағының мақсат сияқты белгісін қалай да мойындап, оны баптың диспозициясында көрсе- туге тиіс [126, 131-6]. ҚР ҚК-нің 209-бабының («Экономикалық контрабанда») 3-бө- лігінің «а» тармағында да пайдакүнемдік салдар мен мақсаттың болуы көрсетілмеген. «Сонда да бүл қылмыстың сылтауы пайда- қорлық», - дейді М.М. Алиев [127, 118-6]. Сонымен экономикалық 94

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==