Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
тәсілі және басқа мән-жайлар айқындалуға тиіс. Бұл қылмыстың құрамының, субъективтік жағының, элементтері аздау, тек - пи- ғыл, сылтау және мақсат. «Қылмыстық іс-әрекет, өзінің орындалуы үшін, негізінен, қан- дай да бір нақты мүдденің болуын керек етеді, онда субъективтік құқық немесе тікелей нормамен қорғалатын нәрсе көрініс таба- ды», - дейді Н.С. Таганцев [120, 405-6]. Сылтау мен мақсат - психикалық қүбылыстар, олар кінәмен бірге қылмыстың субъективтік жағын құрайды. Адамды қылмыс жасауға итермелейтін және ол қылмыс жасау кезінде басшылыққа алатын ішкі сенімді қылмыстың сылтауы деп атайды. Қылмыстың мақсаты - қылмыс жасаған кезде адам үмтылатын болашақ нәтиженің ойдағы моделі [121, 190-6]. Сылтау мен мақсат - қылмыстың субъективтік жағының өза- ра байланысты себептері. Сылтаудан барып мақсат туындайды, ал мақсат өз кезегінде сылтауды нықтайды. ҚР Жоғарғы сотының 13.12.2001 жылғы «Соттардың сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық іс- тердіқараупрактикасытуралы»№18нормативтікқаулысынасәйкес, лауазымды адамдардың кінәлілігі туралы мәселені шешкенде соттар олардыңқызметтікөкілеттігіне,өзмәртебесінбаспайдасыүшінпай- даланғандығына байланысты мәселелерді толық айқындауға тиіс. Бас пайданың қылмыс жасаудағы алатын орны ерекше. Өзінің адамды әрекет жасауға итермелейтін күші жағынан ол тек жыныс- тық сезімге ғана жол береді [122, 42-6]. Егер сыбайлас жемқорлық қылмыста пиғылдың болуы күдік тудырмайтын болса, сылтау мен мақсаттың болуы не заңда тіке көрсетіледі, не заңның мәнінен туындайды не міндетті емес, бірақ ол сыбайлас жемқорлықтың заң жүзіндегі анықтамасына қайшы келеді. Мысалы, бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстар сыл тау мен мақсатты қылмыс қүрамының негізгі (176-баптың 3-бөлі- гінің «г» тармағы, 307, 314, 315, 380-баптар) немесе саралаушы (308-баптың 4-бөлігінің «в» тармағы) элементтері екендігін тіке- лей көрсетіп отыр. 93
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==