Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

арқылы заңда көзделмеген мүліктік игілік және артықшылық алу делінген. Бұл қылмыс қүрамдарының объективтік жағы сыбайлас жем- қорлықтың жоғарыда келтірілген ұғымына толық сәйкес келеді, ал сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ерекшелігі екі негізгі белгі- лерден көрініс табады. Біріншіден, тиісті адамдардың өз қызмет бабын пайдалануы- нан, екіншіден - қызмет мүддесіне қайшылықтан [118, 97-6]. Солардың сипаты мен ауырлығы көбіне қылмыстың жасалу тәсіліне байланысты: кейбіреулері негізгіден басқа тағы да қосым- ша зиян келтіреді, басқаларының қауіптілігі сонда, олар - кең етек алған немесе қиын ашылады, үшіншісін - тек ұйымдасқан топтар ғана жасай алады. Осы себептерге байланысты қылмыстың жасалу тәсілі кейбір қүрамдардың саралаушы белгілері ғана емес, кейбір жағдайларда қылмысты және басқа қоғамға жат қылықтарды ажырататын ма- ңызды элемент болып табылады [119, 56-6]. Қылмыстың жасалу тәсілі қылмыстық жауапкершілікті ауыр- лататын мән-жайға жатады. Объективтік жақтарының негізгі белгілерін біріктіріп, сыбай ­ лас жемқорлық қылмыстардың негізгі үш түрін бөліп алуға бола- ды: талан-тараж, қызмет бабын теріс пайдалану жэне парақорлық, ал оның кейбір түрлері жалпы және арнайы нормалар ретінде бір- біріне тайталастық жасайды. Мысалы, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, пара алу, қыз- меттік жалғандық және әрекетсіздік, егер оларды қызметтік өкі- леттікті теріс пайдалануға қатысты алсақ, нормалардың ерекше түрлері болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының объективтік жағы әр- түрлі, бірақ оларды біріктіретін ортақ белгі - қылмыстың жасалу тәсілі. Жоғарыда аталып өткендей, әрбір сыбайлас жемқорлық қыл- мыстың ерекшелігі қылмыстың объективтік жағынан - әрекет- тен, әрекетсіздіктен және жасалу тэсілінен көрініс табады және де ҚІЖК-нің 11 7-бабына сәйкес қылмыстың жасалған уақыты, орны, 92

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==