Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
объекті деп айтуға болады, сол негізде бұл қылмыстың қол сүға- тын объектілерін мынадай түрлерге топтастыруға болады: Меншікке қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстар (176-бап- тың 3-бөлігінің «г» тармағы); Экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар (209-баптың 3-бөлігінің «а» тармағы, 193-баптың 3-бө- лігінің «а» тармағы); Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделері- не қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстар (307-бап, 308-баптың 4-бөлігінің «в» тармағы, 310 - 315-баптар); Әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстар (380-бап). «Қандай да бір қоғамдық қатынастардың маңыздылығының артуы оларға қол сұққандық үшін жауапкершіліктің қатаюымен ка тар, бөлек-бөлек заң қаулыларының бір немесе бірнеше ірі құрам- дарға бірігуіне алып келеді», - дейді Б.С. Никифоров [115, 130-6]. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар негізінен объект, субъект жэ- не субъективтік жағы бойынша бірдей болғанмен, олардың объек- тивтік жағы өзінің мазмүны бойынша эртүрлі, әрқилы. Іс-әрекеттің объективтік жағы болмаса, қылмыс объектісіне қастандық та болмайды, қылмыс субъектісі де болмайды. Қыл- мыстың басқа элементтерімен бірлесе отырып, объективтік жақ жасалған іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейін, қылмыскердің кінәсінің деңгейін анықтайды және оған тағайындалатын жазалау шарасының сипатына эсер етеді. Сыбайлас жемқорлық кылмыстардың басым көпшілігі эре- кет арқылы, тек біразы (315-бап) эрекетсіздік жолымен жасала- ды. Және де бүл қылмыс құрамдарының көбісі (176-бап, 307, 308, 314, 380-баптар) - материалдық, ал біразы (192, 193, 209, 311-313, 31 5-баптар) - формальды. ҚК-тің 307-бабының ескертпесінде бекітілген сыбайлас жем- қорлық қылмыстардың объективтік жағы мына іс-әрекеттермен сипатталады: Өз қызмет бабын пайдалана отырып, мемлекеттік қызмет ат- қаруға өкілетті адамның өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлауы; 90
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==