Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
жемқорлық қылмысына жатады. Экономикалық қызмет саласын- дағы қоғамдық қатынастар тектік объект болып табылады, ал негіз- гі тікелей объект - «ақша қаражатымен немесе өзге мүлікпен қар- жы операциясын және басқа мәмілелерді заңда белгіленген тәртіп- те жүргізу және қаражатты кәсіпкерлікте пайдалану» [105, 80-6]. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделері қо- сымша тікелей объектіге жатады, себебі адамның әрекеті қызмет- тік өкілеттікті пайдаланумен байланысты. Экономикалық контрабанданың тектік объектісіне «заңға не- гізделген экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында қалып- тасатын қоғамдық қатынастарды» жатқызамыз [106, 78-6]. Мемле- кеттің қаржы қызметі негізгі тікелей объект болып табылады. Ке- ден шекарасы арқылы өту ережесі қосымша тікелей объект болып саналады. 13-тараудың тектік объектісі деп «мемлекеттік қызметке халық тарапынан бедел, сенім әкелетін, мемлекеттік және қоғамдық ап- параттың заңды қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынас- тарды» алуға болады [107, 89-6]. Лауазымдық өкілеттікті теріс пайдаланудың негізгі тікелей объектісіне мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қарулы күштердің, оның қүрамаларының қалыпты қызметі жатады. Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану азаматтар- дың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің қүқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі бұзылуына алып келетіндіктен мүн да негізгі тікелей объектімен қатар қосымша объектілер де болады, олар, жа- салған қылмыстьщ мән-жайына қарай адам мен азаматтың конс- титуциялық құқықтары мен бостандығы, қоғам мен мемлекеттің мүліктік және басқа мүдделері және т.б. болуы мүмкін. Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың не- гізгі тікелей объектісі ұғымын «мазмүны лауазымды адамның өз өкілеттігін заңда белгіленген шекте орындауын көрсететін қоғам- дық қатынастар» арқылы сипаттауға болады [108, 29-6]. Бүл қылмыстың да қосымша объектілері - адам мен азаматтың конституциялық қүқықтары мен бостандықтары, қоғам мен мем- лекеттің мүдделері. 87
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==