Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

объектісіне, олардың белгілеріне қатысты және бүл қылмыстар- дың бірыңғай үғымын анықтау жалпы мүмкін бе деген мәселе ту- ындады. Бұл жерде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының объектісі ту- ралы мәселе шешуші болып табылады, ол қылмыстың мәні мен әлеуметтік тегін, қоғамға қауіптілік деңгейін едәуір анықтайды. ҚК-те көзделген бірқатар қылмыстар бірнеше қоғамдық қаты- настарды бүзады немесе оларға қауіп төндіреді. Қылмыстың бір- неше объектіні бірден бұзуын Н.Н.Коржанский тікелей объекті- лердің бәсекелестігі деп атайды. Бұл бәсекелестік қоғамдық өмір- дің қиындығынан туындайды. Бұл субъект қатысатын қоғамдық қатынастар көп және өзара байланыста болатындықтан, қылмыс қатынастардың біреуі арқылы екіншісіне ауысады [101, 23-6]. Ал объектінің мәні оның көптеген байланыстарынан және қатынаста- рынан көрініс табады [102, 17-6]. Мысалы, 176-баптың («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеле- ніп алу немесе ысырап ету») 3-бөлігінің «г» тармағында көзделген қылмысты мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті адам- ньщ жасауында мемлекеттік қызметтің мүддесі жоқ, бұл жерде тек меншік қатынасы бар, соған байланысты кейбір зерттеушілер оны сыбайлас жемқорлық қылмыстарының тізбесінен алып тастауды ұсынады. К.Ш.Укановтың пікірінше, меншіктің үрланатын мүлікті қам- титын нақты түрі үрлықтың тікелей объектісі саналады [103, 27-6]. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделері қосымша тікелей объект болып келеді, себебі бүл жерде біз қызметтік өкілет- тіктің пайдаланылғандығын көреміз, сондықтан заң шығарушының бұл құрамды сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жатқызғаны дұ- рыс. Бұл қылмыстың мәнін бермейтін қоғамдық қатынастар қыл- мыстың қосымша объектісі болып табылады, бірақ осы қылмыс негізгі объектімен қатар бүл қатынастарды өзгертеді [104, 137-6]. Мемлекеттік функциялар орындауға өкілетті адамның, не оған теңестірілген адамның заңсыз жолмен тапқан ақшаны немесе басқадай мүлікті заңдастыруы, егер ондай әрекет ол адамның өз қызмет бабын пайдалануымен байланысты болса, ол да сыбайлас 86

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==