Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

ҚР ҚК-нің 307-бабының ескертпесіне сәйкес, сыбайлас жем- қорлық қылмыстарға мына баптарда көзделген қылмыстар жатады: ҚК-нің 176-бабының («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеле- ніп алу немесе ысырап ету») 3-бөлігінің «г» тармағы; 192- баптың («Жалған кәсіпкерлік») 2-бөлігінің «в» тармағы; 193- баптың («Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүліктерді заңдастыру») 3-бөлігінің «а» тармағы; 209-баптың («Экономикалық контрабанда») 3-бөлігінің «а» тармағы; 307- бап («Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану»); 308- баптың («Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдала ­ ну») 4-бөлігінің «в» тармағы; 310- бап («Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу»); 311- бап («Пара алу»); 312- бап («Пара беру»); 313- бап («Парақорлыққа делдал болу»); 314- бап («Қызметтік жалғандық жасау»); 315- бап («Қызметтік әрекетсіздік»); 380-бап («Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әділетсіздігі»), Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің жүйесін түрғызу, қо- ғамдық-қауіпті іс-әрекеттерді дүрыс саралау үшін аса маңызды- лыққа не бола тұрып, тектік объект қылмыстардың біртекті топта- ры қастандық ететін біртекті игіліктер (мүдделер) тобын білдіреді. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстардың тектік объектісі үғымы біршама зерттелген, ол жайында мамандарда аса пікір алшақтығы жоқ. Лауазымдық қылмыстардың тектік объектісіне ғалымдардың көпшілгі «мемле- кеттік аппараттың дүрыс қызметі» деп анықтама берді [100, 25-6]. Сонымен қатар қылмыстық заңдағы өзгерістерге байланысты, 13-тарау «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдде- леріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар» деп аталды, ал 307-бапқа ескертпеде сыбайлас жемқорлық қылмыстар- дың толық тізбесі анықталды. Енді теоретиктер мен практиктер- дің алдында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың бірыңғай тектік 85

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==