Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

іс-әрекетінде ауырырақ қылмыстың белгісі болмаса, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал мүліктік сипаттағы пайда көру үшін қызмет бабын теріс пайдаланған жағдайда - жаза қатаяды - 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамалады. Бірақ басқа елдердің заң актілері сыбайлас жемқорлықпен кү- ресте қатаңырақ шаралар қарастырған. Мысалы, Канадада сотта немесе заң органында істейтін мемлекеттік қызметкер белгілі бір әрекет жасағаны немесе ондай әрекетке жол бергені үшін матери- алдық және басқадай пайда алуға келісімін берсе, 14 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Мүндай жаза полиция комиссарлары мен әділ-сот саласында өкілеттік жасаушы адамдар үшін де көзделген [98, 45-6]. Мемлекеттік басқару органдарымен кез келген іскерлік келісім жасасқан кезде, көрсеткен көмегі үшін несие, комиссиялық сый- ақы немесе өзгедей пайда талап еткен, үсынған немесе алуға келі- сім берген лауазымды адамға түрмеге қамау түріндегі жаза қолда- нылады. Қорыта келе айтарымыз - бүл жүмыста келтірілген шет мем- лекеттердің мемлекеттік қызметкерлердің, оларға теңестірілген- дердің, сондай-ақ олармен аралас қызметтегілердің лауазымдық қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілігін реттеудегі тәжірибесі әртүрлі, қарама-қайшы, дегенмен көңіл аударарлық. Француз қүқықтанушысы М.Анселдің мынадай пікірімен ке- ліспеуге болмайды, ол шетелдердің құқығын зерделеген заңгер өз елінің қүқығын жақсы игереді, өз қүқығыңды қанша жете білген- мен жақсы ойлар мен пікірлер оны басқа құқықпен салыстырғанда келеді [99, 38-6]. 2.2. Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарға Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген жалпы қылмыстық-құқықтық сипаттама Сыбайлас жемқорлық қылмыс ұғымы қылмыстық заңда бекі- мін таппаған, бірақ заң шығарушы оның тізбесін толықтай берген. 84

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==