Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

да лауазымдық қылмыстар үшін жауапқа тартылатын субъектілер деп танылған. Нәтижесінде бүл субъектілер шеңбері кеңейтілді. Бұл Қылмыстық кодекс бойынша параны бопсалаушылық жә- не пара алу сияқты аралас қүрамды қылмыстар лауазымдық қыл- мыстар туралы тарауға енгізілді. Бұл қүрамдарды бөлектеудің өлшемдеріне пара беруші мен алушының арасындағы қатынас алынды. Параны бопсалаушы адам өз мәртебесін пайдаланып пара берушінің үрейін ұшырады, оны пара беруге мәжбүр етеді. Ал параны жай алған жағдайда бе- руші мен алушы арасында ықтиярлық қатынас болады, олардың екеуі де бұл әрекеттің заңсыз екендігін үғына отырып, оны өздері- нің мүдделерін қанағаттандыру мақсатында жасайды. Өз қызмет бабын пайдаланып, пара бопсалаушы адам үшін 4 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру тү- ріндегі жаза белгіленген. Параны бопсалаушылық үш элементпен сипатталады: лауа- зымды адамның өз қызмет бабын пайдалануы, талап етуінің заң- сыздығы және жеке адамға психикалық қысым көрсетуі. Италия- ның Қылмыстық кодексінде бөлек-бөлек баптарда үш құрам бөлі- ніп алынады: лауазымды адамның құзыретіне қайшы әрекеттерді жасағандық үшін пара алу, лауазымды адамның құзыретіне кіретін әрекеттерді жасағандық үшін пара алу және параны сотта алу. Сонымен параны бопсалаушылық пен параны алу қүралдарын айыру өлдемдеріне сыйақы үшін лауазымды адам жасаған әрекет- тердің сипаты емес, лауазымды адам мен пара беруші арасындағы қатынастың сипаты алынады. Пара алғанда екі жақ өзара келісімге келеді, ал параны бопсалаушылықта ондай ықтиярлық болмайды. Пара алғанда жеке адам тарапынан, ал бопсалаушылықта лауа ­ зымды адам тарапынан ынта білдіріледі. Қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау Италияның Қылмыс- тық кодексінде елеулі лауазымдық қылмыс болып табылады. Бұл нормаға сәйкес, лауазымды адам немесе лауазымды адамның мін- детін атқарушы өзі үшін немесе басқа біреу үшін сипаты мүліктік емес пайда көру мақсатында немесе басқа адамдарға заңсыз зиян келтіру мақсатында өз қызмет бабын теріс пайдаланса және оның 83

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==