Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Герман қылмыстық заңында қылмыстың билікті пайдаланып қиянат жасаудың барлық жағдайларын қамтитындай кеңейтілген құрам жоқ, сондай-ақ билікті асырудың немесе қызметтік міндетті қылмыстық орындамаудың да құрамдары жоқ. Құжаттарды жалған куәландыру да лауазымдық қылмыстар қа- тарына жатқызылған, өзінше бөлініп алынған және ресми құжат- тар беруге өкілетті адам құқықтық түрғыдан елеулі фактіні жалған куәландырса немесе ресми реестрге немесе кітапқа заңсыз енгізсе, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады немесе оған айыппұл салынады деп көрсетілген. Дамыған басқа қапиталистік елдердің қылмыстық заңнамасын алатын болсақ, оларда да мемлекеттік лауазымды адамдар жасаған қылмыстар мен коммерциялық ұйым басшылары жасаған сондай іс-әрекеттер арасындағы ерекшеліктерді айқындау мәселесі әртүр- лі шешілген. Мысалы, 1990 жылы Италияда ҚК-нің лауазымды қылмыстар туралы тарауына едәуір өзгертулер енгізген №86 бұйрық қабыл- данды [97, 8-6]. Ол заң лауазымды адам үғымының анықтамасын өзгертті. Бұрын лауазымды адамдар қатарына: 1) мемлекеттік қыз- метті түрақты немесе уақытша атқарып жүрген мемлекеттік қыз- меткерлер мен мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері; 2) мемле- кеттік қызметті тұрақты немесе сыйақыға, еркімен немесе міндеті бойынша атқарып жүрген кез келген басқа адамдар жатқызылған еді. 1990 жылғы заң лауазымды адамдарға заң шығарушы, сот не әкімшілік функцияларын орындайтындарды жатқызуы, ал жария құқық нормаларымен және биліктің қаулыларымен реттелетін функциялар мемлекеттік деп саналды. Лауазымды адамның міндетін кез келген лауазыммен атқарушы адам да лауазымдық қылмыс субъектісіне жатқызылды. Сонымен қатар адвокат кәсібімен немесе санитарлық қызмет саласындағы кәсіппен, сондай-ақ мемлекеттің арнайы рүқсатынсыз тыйым са- лынған кез келген басқа кәсіппен айналысатын жеке адамдар, жа рия әкімшілік шығарған нормативтік актіде қоғамдык қажеттілік функциясы деп анықталған функцияны орындайтын жеке адамдар 82
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==