Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
- лауазымды адамдар қатарына тек мемлекеттік қызметкерлерді ғана емес, коммерциялық ұйымдардың және басқа шаруашы- лық субъектілерінің басшы адамдарын жатқызу есебінен лауа зымды адам ұғымының ауқымы кеңейді; - егер қылмыстық үйым тарапынан пара берілген болса, бұрын- ғыдай оны берген нақты адамды анықтаудың қажеттілігі жоқ, енді пара бергендік туралы айып қылмыстық топқа түгелдей тағылады. Мекеменің қызметкерлерімен жақсы қатынаста бо лу үшін үдайы қызмет көрсетіп немесе садақа-қүрбандық бе - pin тұру да заңсыз деп танылды; - қайырымдылық үйымдарының қажетті әкімшілік шешімдері- нің қабылдануын көздеген құрбандықтары да заңға қайшы деп қарастырылады; - парақорлық үшін жазалау шегі 2 жылдан 3 жылға, ал судьялар үшін 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға кө- терілді. Қызметтен тәртіптік жаза бойынша шеттетілген қызметкерге, егер ҚК-де қарастырылған кейбір қылмыстардың жолын кесу үшін шара қабылдап, тергеу органдарына белсенді көмектессе, оған 65 жасқа толғаннан кейін ай сайын ақы төлеп тұру көзделген. 1998 жылғы 10 қыркүйекте «Парақорлық үшін жауапкершілік туралы» Еуропа Кеңесінің (ЕК) заңы қабылданды, онда ЕК билік органдарының лауазымды адамдарының және ЕК-н қатысушы ел- дердің-мемлекеттердің лауазымды адамдарының парақорлығына қатысты жауапкершілік қарастырылған. 1998 жылғы 10 қыркүйекте, сонымен қатар, «Халықаралық парақорлықпен күрес туралы» Заң қабылданды, ол 1997 жылы 33 мемлекет қол қойған «Шетелдік лауазымды адамдардың халықа- ралық сауда айналымындағы парақорлығымен күрес туралы» ке- лісімде қарастырылған ережелер негізінде даярланды. Оған сәйкес пара берушінің мүддесі үшін лауазымды адам жасаған әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қайтарымы ретінде халықаралық сауда ай- налымында тиімді тапсырыс немесе елеулі артықшылық берген, көрсеткен немесе уәде еткен кез келген адам қылмыстық жауап- кершілікке тартылады. 81
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==