Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

уәде алғандығы қарастырылған және мұндай қылмыс үшін 6 ай- дан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал ауырлығы шама ­ ли жағдайда - 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл түрінде жаза көзделген. Егер мұндай әрекетті судьялар немесе төрелік судьялар жаса- са, жаза қатаңырақ - 1 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бос- тандығынан айыру және ауырлығы шамалы жағдайда - 6 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы коз- дел ген. Қызметтік борышты бұзу болып табылатын әрекетті пара үшін жасаған жағдайға қатысты қылмыстық жауапкершілік емес, іс жүргізу шаралары көзделген - ол үшін айыптының өзінің контра ­ гентше өз міндеттерін бүзуға немесе өз өкілеттігін теріс пайдала- нуға даяр екендігін іс жүзінде көрсетсе болғаны. Герман Қылмыстық кодексінде пара бергендік үшін жауап- кершілік туралы нормалар: лауазымды адамның пара үшін заңсыз әрекет жасауымен байланысты және оның өз қызметтік міндетте- рін бұзумен байланысты пара ұсынғандық үшін жауапкершілікке бөлінеді. Парақорлықпен байланысты қылмыстардың субъектісі жай- ында мыналарды айта кеткен жөн. Герман құқығында, пара алған- дық үшін жауапкершілігі жоғары лауазымды адамдардың ішінде тек судьялар мен төрелік судьялар ғана аталған. Ал басқа лауазым ­ ды адамдар, қандай биік және жауапты жұмыстар атқарғанымен, ҚК-тің лауазымдық қылмыстар туралы тарауында аталмайды. Сонымен катар бүл тарауға лауазымды адам болмаса да «жа- рия қызмет өтеуге тікелей шақырылған» адамдар да кірген, бүл пара алғандық үшін жауапкершілік туралы нормалар бойынша қу- даланатын адамдар шеңберін кеңейтеді. Және де бундесвер сол- даттары пара алуы мүмкін субъектілер қатарында жоқ, ал солдатты пара беріп заңсыз да, заңды да әрекет жасауға итермелеген адам үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бірақ 1997 жылы «Сы- байлас жемқорлықпен күрес туралы» заңның қабылдануымен бай ­ ланысты қылмыстық заңнамаға мына жағдайларға қатысты едәуір өзгерістер енгізілді: 80

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==