Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

Германияның 1987 жылы қабылданған қылмыстық кодексі жайында да айта кеткен жөн. Неміс заңгерлерінің алдында мемлекеттік қызметкерлер жаса- ған қылмыстарды коммерциялық үйымдардың басшы қызметкер- лері жасаған сондай әрекеттерден айырып алу проблемасы түр. Лауазымды адам ұғымына Қылмыстық кодексте «герман құ- қығына сәйкес: а) шенеунік немесе судья болып табылатын; б) өз- ге де жария-құқықтық қатынастарда тұратын немесе в) қандай да бір билік органында немесе басқа мекемеде немесе оның тапсыр- масымен жария басқару міндетін жүзеге асыруға тиісті адам» деп анықтама берілген. Бірақ кейбір жағдайларда «биліктің қандай да органында жария басқару міндетін жүзеге асырушы қызметкер де» лауазымды адам ретінде жазалануы мүмкін. Бұл парақорлық үшін жазаланатындар шеңберін кеңейтеді. Парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілікті анықтағанда герман заңнамасы лауазымды адамның өз қызметтік міндетіне жа- татын заңды әрекеттерді орындағанына немесе қызметтік міндетке қайшы келетін заңсыз әрекетті орындағанына аса көңіл бөледі. Қандай да бір әрекетті жасағаны немесе жасайтыны үшін өзіне мүліктік пайда талап еткен, алған немесе ондайға уәде алған лауа ­ зымды адам 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе айыппүлға жазаланады. Әділсот жүргізу кезінде судьялардың немесе төрелік судьялар- дың жасаған тура осындай іс-әрекеті бүл қылмыстың саралаушы құрамы ретінде қарастырылған. Ол үшін 3 жылға дейін қамауда ұстау немесе айыппұл төлеу түрінде жаза белгіленген. Егер субъект өзі талап еткен пайданы нақты немесе уәде түрін- де алып, ол жайында билікті тез хабардар етсе немесе ол пайданы алуға қүзыретті орынның келісімі болса, онда ешқандай жазалау шарасы қолданылмайды. Сонымен ГФР-ның ҚК-сінде лауазымды адамдардың неме ­ се судьялардың пара үшін жасайтын әрекеттерінің сипаты тура- лы ешнәрсе айтылмаған. Керісінше ҚК-де лауазымды адамның өз қызметтік борышын бұзатын әрекетті жасағаны үшін қандай да бір материалдық пайда талап еткендігі, алғандығы немесе ондайға 79

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==