Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының бірі - «Билікті пайда- ланып қиянат жасау». Францияның 1992 жылғы Қылмыстық ко- дексінде қылмыстың бүл түрі екі топқа бөлінген: — билікті басқару жүйесіне қарсы теріс пайдалану; — билікті жеке тұлғаларға қарсы теріс пайдалану. Бұл Қылмыстық кодекстің билікті басқару жүйесіне қарсы теріс пайдаланғандық үшін жауапкершілік көзделген нормала- рында, заңды теріс пайдаланғандык деп танитын әрекеттерге нақты сипаттама берілмеген. Мысалы, оған мемлекет билік өкі- лінің өз қызметтік міндетін орындау барысында заңның бұзыл- ғандығы жатқызылған. Ол үшін 5 жылға дейін бас бостандығы- нан айыру және 500 000 франк айыппүл салу жазасы көзделген. Ал егер қылмыстың қандай да бір салдары болса, жаза екі есе үлғаяды. Мемлекеттік билік өкілі, лауазымдық қызметін жүзеге асыру құқығы бар адам немесе сайлау мандаты бар адам өз қызметінің тоқтағаны жайында ресми хабар алғаннан кейін де қызметін орын- дауды әрі қарай жалғастырса, яғни шешімге бағынбаса, ол 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға және 200 000 франк айыппүл төлеуге жазаланады. Кодексте қызметтегі жалғандық үшін жауапкершілік карасты- рылмаған, ол Қылмыстық кодекстің 4-кітабына кіретін «Қоғамдық сенімге қиянат жасау туралы» тарауда берілген. Жалғандық үшін қылмыстық жауапкершілікке жеке адам да, лауазымды адам да тартылады, бірақ кейінгінің жазасы қатаңырақ «Мемлекеттік бақылау органдарына мемлекеттік қызметтегі адам- дардың қол сүғуы туралы» тараудың нормалары да назар аударар- лық. Онда «өз қызметін бәсекелестік бар секторда және жеке қүқық нормаларына сәйкес жүзеге асырушы кез келген мемлекеттік кәсі- порын жеке кәсіпорынға теңестірілген» және бұл ереже мемлекет- тік мекемелердің, үлттық кәсіпорындардың капиталының 50%-дан астамы тікелей немесе жанама мемлекетке тиесілі, экономикасы аралас компаниялардың қызметкерлеріне таралады делінген. Со- нымен заң шығарушы коммерциялық кәсіпорындар қызметкерле- рін бұл қылмыстың субъектілері қатарынан алып тастады. 78
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==