Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

кызметкерлерінің парақорлық үшін жауапкершілігі туралы заңда қарастырылған болатын. Бүл нормалар парақорлық үшін жауап- кершілік көзделген басқа заңдармен біріктіріліп, Қылмыстық ко ­ декс ке енгізілген. Парақорлықтың қарапайым формасына мемлекеттік билік өкі- лінің немесе айрықша өкілеттік берілген адамның өз өкілеттігін пай- даланып, заңсыз салық жинауға бүйрық беруі, ал егер ол жиналған ақшаныңсомасызаңсызжинауғаболатыннанасыпкетсе-5жылтүр- меде ұстау және 500 000 франк айыппұл түрінде жаза қолданылады. Парақорлықтың «енжар» формасында мемлекеттік биліктің өкілі немесе айрықша өкілеттік берілген немесе сайлау мандаты бар адам, өз міндетін орындағаны немесе орындамағаны үшін одан пайда көрген адамнан қандай да бір сыйақы талап етсе, ол 10 жыл мерзімге түрмеге қамалады және 1 млн франк айыппүл төлейді. Егер жоғарыда атал ған лауазымды адам кәсіпорын қызметіне то- лықтай немесе жарым-жартылай басшылық етіп, бақылау жүргізіп түрған кездегі кәсіпорын қызметінен түскен пайызды өзі тікелей не ­ месе біреу арқылы алып тұрса немесе үстап қалса, ол 5 жыл мерзімге түрмеде үстауға және 500 000 франк айыппүл төлеуге жазаланады. Француздардың бүрынғы қылмыстық заңында енжар паракор- лык жасаған адамға 2 жылға дейін түрмеде үстау және 1500 франк айыппүл салу түрінде жаза қарастырылған және бүл жаза мынадай жағдайларда қолданылған: - сайлау мандаты бар адамдар, әкімшілік немесе сот органдары- ның жария лауазымдағы адамдары, әскерилер, агенттер неме ­ се мемлекет бақылайтын мекеменің немесе мемлекеттік меке- менің сенім білдірген адамы, мемлекеттік органда жүмыс іс- тейтін адам, егер олар өз қызметтік міндетіне кіретін әрекетті орындағандары үшін пара алса; - сот немесе тараптардың біреуі тағайындаған арбитр немесе са- рапшы, егер ол тарап үшін қолайлы немесе қолайсыз шешім немесе қорытынды жасағаны үшін; - дәрігерлер - адамның бойында қандай да бір аурудың бар екен- дігін жасырғандығы немесе жоқ ауруды бар деп жалғандық айтқаны үшін пара алса. 77

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==