Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

Қылмыстық заң нарықтық экономика жағдайында үзақ уақыт бойы қолданылып келген АҚШ-тың мысалында біз мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің қылмыс жасауымен байланысты қалып- тасатын қатынастардың қалай реттелетінін көрсетуге тырыстық. Бірақ бұларда да шепіімін таппаған көптеген мәселелер бар, со- лардың бірі - мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің жасаған қыл- мыстарын коммерциялық ұйымдар қызметкерлерінің сондай іс- әрекетінен ажырап қарастыру мәселесі. Оның себебі, Батыстың әр елі лауазымдық қылмыстарға жатқызылатын іс-әрекеттер шеңбе- рін әртүрлі анықтайды. Ал оларды саралағанда қылмыстың объек- тісінің ғана емес, субъектісінің де ерекшелігі ескерілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда оларды қүрамы басқа тарауларда анықталған өзге қылмыстардан ажырату қиынға түседі. Жаңа қылмыстық кодекстер қабылдаған елдердің заңдарын қа- растырып көрелік. Мысалы, 1992 жылы Францияда жаңа Қылмыстық кодекс қа- былданды. Ол 1810 жылғы Наполеон кодексін алмастырды. Жаңа кодексте лауазымдық қылмыстарға қатысы бар нормалар едәуір өзгеріске ұшырады. Мемлекеттік қызметкерлердің сенімге қиянат жасауын - лауазымды қылмыстар қатарынан алып тастады. Олар ­ ды лауазымды адамдар жасаған және өнеркәсіптік немесе коммер- циялық кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлері жасаған деп екі белек норма қарастырып, ондай қылмыстар жасағаны үшін біріншілеріне 10 жыл, екіншілеріне 7 жыл түрмеде үстау жазасын белгіледі. Жария билік өкілінің өзі тікелей немесе біреу арқылы қандай да бір сыйлық алғандығы үшін 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзім- ге бас бостандығынан айырып, 200 мыңнан 1 млн франкке дейін айыппұл төлету жазасы көзделген. Парақорлық үшін жауапкершілік нормалары да өзгеріске ұшы- рады. Бүл нормалар бойынша пара лауазымды адамдардың 1 өзіне тиесілі емес соманы заңда көзделген деген сылтаумен алуы («ен- жар парақорлық») және пайыздарды заңсыз алуы деп бөлінді. 1945 жылға дейін парақорлық үшін жаза сарапшылардың пара- қорлық үшін жауапкершілігі туралы заңда және Жеке компаниялар 76

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==