Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Атқарушы билік өкілдері жасаған және атқарушы билікке кар ем бағытталған қылмыстар. Заң шығарушы билікке қарсы бағытталған қылмыстар. Бірінші топқа жататындар: парақорлық, табысты, сыйлықты немесе сыйақыны заңсыз алу; оларды талап ету; сыйлықты ұсы- ну және беру, сондай-ақ қызметке тағайындалғаны үшін сыйақы алу-беру. Екінші топқа биліктің заң шығарушы органдарындағы пара алу және беру фактілеріне қатысты қылмыстар ғана жатқызылған. «Атқарушы органдардың шенеуніктеріне пара беру немесе ұсыну» тарауына мынадай түсінік берілген: «Осы штаттың ат- қарушы органының кез келген шенеунігіне қандай да бір ықпал жасау ниетімен қандай да бір пара берген немесе үсынған адам төрт жылға дейін түрмеге қамауға және штатта қандай да бір мем- лекеттік қызметке түруына тыйым салумен жазаланады». Ал «Атқарушы органдар мен министрліктердің шенеуніктері- нің пара алуы» тарауына мынадай түсініктеме берілген: «Өзінің дауысы, пікірі немесе әрекеті мәселенің шешіміне ықпал ететінін біле түрып пара сұраған, алған немесе алуға келіскен мемлекеттік шенеунік төрт жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамаумен, сондай- ақ қызметінен босатуға және штатта қандай да бір қызмет атқаруға тыйым салумен жазаланады». Штаттың кез келген лауазымды адамы өзіне тиесілі еместігін біле тұра табыс, сыйлық, сыйақы сұраса, алса немесе алуға келіс- се, онда ол қылмыс жасаған болып саналады. Ондай әрекет үшін ол адам 6 ай бас бостандығынан айыруға немесе 1000 доллар ай- ыппүлға жазаланады. Қандай да сый немесе сыйақы үшін басқа адамды жария үйымға жүмысқа тағайындаса, 10000 доллар мөл- шерінде айыппұлға жазаланады және Калифорния штатында кез келген қызмет атқару құқығынан айырылады. Пенсильвания штатының Қылмыстық кодексінде парақорлық үшін жауапкершілік «Жария басқаруға қарсы қылмыстар туралы» тарауда келтірілген, оның басқа штаттардың заңдарынан айыр- машылығы - қылмыстық әрекеттің түрлері субъект бойынша да, объект бойынша да бөлініп алынбаған [96, 56-6]. 75
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==