Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Бұл тұжырымдама бойынша парақорлық қүрамы үш дәреже- ге топтастырылған. Басқаларға қарағанда бұл штаттың заңнама- сында пара алу-беру қылмыстың өзінше дербес қүрамы ретінде қарастырылған. Парақорлықтың үш дәрежесіне тиісінше параны алудың-берудің де үш дәрежесі қарастырылған. Ал жария қызмет алу мақсатындағы парақорлық қылмыстың өзінше дербес құрамы- на жатқызылған. Парақорлықтың барлық үш дәрежесі де ауыр қылмыстар бо- лып саналады, олар параның сомасына қарай «В», «С», «Д» деп белгіленді. Үшінші дәрежелі парақорлық «Д» класының фело- ниясына жатады. Бүл ретте пара беруші жария қызметкердің өзінің айтқанын істеуге келіскені үшін қандай да бір оған материалдық пайда келтіруге уәде етеді. Мұндай қылмыстар 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға алып келеді. Екінші дәрежелі парақорлықта да осындай әрекеттер орын алады, бірақ параның мөлшері 10000 доллардан асады, ал ол үшін 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген. Бірінші дәрежелі парақорлықта параның мөлшері рөл атқар- майды, бүл жерде «А» класының фелониясына жататын қандай да бір ауыр қылмысты жасағаны немесе жасауға талпынғаны үшін кез келген адамды тергеуге, қамауға, айыптауға немесе оқшаулауға бағытталған ықпал жасалынады, ол үшін 25 жылға дейінгі мерзім- ге бас бостандығынан айыру көзделген. Жария қызметкердің өз міндеттерін бүзғандығы үшін қандай да бір пайда көруі «Е» класының фелониясына жатады, ол үшін 4 жылға дейінгі мерзімге қамауда ұстау белгіленген. Заңсыз сыйақы беру және алу «С» класының фелониясы ретін- де қарастырылады (7 жылға қамауда үстау). «Шай-пұл» бергендік және алғандық үшін де жаза белгілен- ген. Бүл қылмыстар жеңіл қылмыстарға жатады, ол үшін 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Калифорния штатындағы жүйе басқаша. Бұл штаттың Қыл- мыстық кодексінде лауазымдық қылмыстар екі топқа топтасты- рылған: 74
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==