Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
тәжірибе жүргізетін болса, ол оның қызмет бабын теріс пайдалан- ғандығы болып табылады. Заң шығарушы, атқарушы немесе сот органдарының мемле- кеттік қызметкері немесе жалданып жұмыс істейтін адамы, егер өз міндетіне жатпаса, АҚШ қойған қандай да бір талапта өкіл не месе айыптаушы бола алмайды, ондай талап қоюда көрсеткен кө- мегі үшін сыйақы, пайызды үлес алуға тиісті емес. Бүл нормалар- ды бүзғандық үшін 10000 долларға дейін айыппүл немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жо- ғарыда аталған лауазымды адамдар өзінің бас пайдасы үшін қан- дай да бір іске мемлекеттік қызметкер ретінде араласса, ондай эре- кет үшін де қылмыстық жауапкершілік көзделген. Лауазымды адамға келетін пайда мардымсыз және оның мәр- тебесі одан зардап шекпейді деп санап жоғарғы түрған лауазымды адам жазбаша рүқсат берген жағдайда ғана ол қандай да бір іске қатыса алады. АҚШ заңнамасында сайлаумен және саяси қызметпен байла- нысты қылмыстар өзінше бөлек тарауда қарастырылған. Қандай да бір сайланбалы орынға үміткердің өзін қолдағаны үшін біреуге қызмет уэде еткендігі қылмыс деп саналады. Сенаторлардың, өкілдер палатасы мүшелерінің, басқа да мем- лекеттік қызметкерлердің саяси ынтымақтастыққа өзінің тікелей немесе біреу арқылы сұраншақтануы да қызмет бабын теріс пай- даланғандық болып табылады. Бүл көрсетілген эрекеттер үшін 5000 - 10000 доллар айыппүл немесе 2 — 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза белгіленген. Нью-Иорк штатының Қылмыстық кодексінде лауазымдық қылмыстарға «Жария басқаруға қарсы қылмыстар» деп аталатын тарау арналған. Онда лауазымды адамның заңсыз іс-эрекеттері, лауазымдық міндетті жүзеге асыруға кедергі жасағандық, паракор- лык, сондай-ақ сот эділдігіне қарсы қылмыстар үшін жауапкерші- лік көзделген баптар біріктірілген. Бұл штаттың заңындағы парақорлық үшін жауапкершілік тү- жырымдамасына тоқтала кетейік. 73
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==