Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Мұндай парақорлық үшін жауапкершілікті реттейтін нормалар американдық заңнамада жан-жақты баяндалған. АҚШ-тың заңдар Жинағының 11-тарауында «Парақорлық, адал емес табыстар және жария лауазымды адамдардың өз қызмет бабын теріс пайдалануы» деп аталатын арнайы тарау бар. Бұл заң- да пара алған адам да, пара берген адам да парақорлық субъектісі- не жатқызылған. Пара алатындарға лауазымды адамдардың мына топтары енгізілген: а) жария лауазымды адамдар, оларға жататындар: Конгресс мүшелері, түрақты комиссиялардың мүшелері, АҚШ, департа- менттер, өкілдіктер, атқарушы билік органдары атынан әрекет ете- тін адамдар немесе қызметкерлер; б) жария түлғаның міндетін атқаруы үшін таңдап алынған не месе тағайындалған адамдар; в) арнаулы үкімет қызметкерлері, оның қатарына федералдық заң шығарушы және атқарушы органдардың, кез келген тәуелсіз органдардың сыйақыға немесе онсыз жылына кемінде 130 күн жү- мыс істейтін шенеуніктері мен қызметкерлері кіреді. Мынадай мақсатта берілген пара үшін жауапкершілік көзделген : - лауазымды адамның қарауындағы мәселенің шешіміне ықпал ету үшін; — лауазымды адамды қандай да бір жалған әрекет жасауға неме се мүлдем әрекет жасамауға итермелеу, көндіру үшін. Сонымен параның мақсаты лауазымды адамды заңды да, заң- сыз да әрекеттерге итермелеу болып табылады. Пара алушылар жоғарыда көрсетілген санаттардың лауазымды адамдары ғана бола алады. Пара алғандар үшін де, бергендер үшін де 10000 долларға дейін айыппүл және (немесе) екі жылға дейін түрмеде үстау түрін- де жаңа заң көзделген [95, 62-6]. Мүндай қылмыстар үшін бүрынғы қызметкер де, келешек қыз- меткер де жазалануы мүмкін. Мемлекеттік қызметкерлер жасайт- ын лауазымдық қылмыстардың екінші тобына — қызмет бабын теріс пайдаланғандыққа - негізгі лауазымдық міндеттермен үй- леспейтін қызмет атқару жатады. Конгрессмен немесе Конгреске сайланған адам, не түрақты комиссияның мүшесі Талап сотында 72
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==