Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

2. БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ 2.1. Сыбайлас жемқорлык қылмыстар үшін шетелдік заңна- мада көзделген қылмыстық жауапкершілік Лауазымдық қылмыстардың ерекшелігі сонда, бүларды заңды қорғауға тиісті адамдардың өздері жасайды. Сондықтан да Батыс- тың көптеген елдерінде мүндай қылмыстармен күресудің қатаң шаралары қарастырылып, ал онша қауіпті емес, төменгі шенеунік- тер арасында кең тараған (аздаған сыйлық алу сияқты) қылмыс- тарға онша мән берілмей отыр [94, 12-6]. Лауазымды қылмыстардың ішінде ерекше көңіл бөліп отырға- нымыз - сыбайлас жемқорлық қылмыстар - парақорлық, қызмет бабын теріс пайдалану. Мүндай қылмыстар үшін әр елдерде әртүр- лі жаза қарастырылған, ал бүл жерде лауазымды адамды алдын ала сатып алуды саралау проблемасы туындайды. Кейде лауазымды адамға «алғыс ретінде» берілген «сыйлық- ты» қылмыс болып табылатын парадан айыру оңайға түспейді. Мысалы, АҚШ-та бүл мәселе шешілген - мемлекеттік қызметкер құны 100 долларға дейінгі сыйлықты еркін ала береді. Ал Герма- нияда сыйлық құны 50 маркадан аспауға тиіс. Американың Қылмыстық заңнамасында парақорлықтың төрт негізгі формасы аталған: - жария әкімшілік қызметіне нүқсан келтіретін парақорлықтың өзі; - коммерциялық деп аталатын парақорлық; - кәсіподақтар қызметімен байланысты парақорлық; - спорт саласындағы парақорлық. Парақорлық жайлаған сала мүнымен бітпейді. Кейінгі үшеуін қоя тұрып, жария әкімшілік қызметіне нұқсан келтіретін қылмыс- тарға баса назар аударайық. 71

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==