Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
орындалуын Ішкі істер министрлері-сенаторлар Конференциясы бақылап отырады [93, 61-6]. 1997 жылғы 13 тамызда «Сыбайлас жемқорлықпен күрес тура- лы» заң қабылданып, соған сәйкес қылмыстық заңнамаға өзгерту- лер енгізілді. 1997 жылғы 9 қыркүйекте «Қосымша қызметпен айналысуға шектеу салу туралы» заң қабылданды. Онда қандай қызметтерді қанша уақыт бойы біріктіріп атқаруға болатындығы көрсетілген. Мысалы, екінші жүмыс негізгі жүмыспен үйлеспейтін болса, он да оларды қосып істеуге тыйым салынған. Қосып істеу мерзімі бес жылдан аспайды және олардан түскен табыс жайында дерек- тер беріліп түрады. Қазіргі кезде қандай бір қызметке түруға үміткер өзінің әдеби, ғылыми және шығармашылық қызметі жайында және одан түсетін табыс жайында жазбаша мәлімет береді. Қызметке нұқсан келетін болса, жұмыстарды қосып істеуге тыйым салынады. Ол мынадай жағдайда орын алады: Қызметкер атқаратын негізгі жүмыстың ауқымы үлкен болса; Қосымша жүмыс қызмет мүддесіне қайшы келсе; Қосымша жүмыс қызметкер қарайтын билік органы тартылған салада жүзеге асырылатын болса; Қосымша жұмыс қызметкердің саяси бейтараптық принципін бүзатын болса; Мемлекеттік басқарудың беделіне нүқсан келтіретін болса. Жоғарыдакелтірілгендерденмынадайтүжырымжасауғаболады: Шетел басшыларының билік органдарындағы сыбайлас жем- қорлықтың алдын алуға және онымен күресуге аса көңіл бөліп отырғандығын көреміз. Отандық заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері үшін этика жөнінде тиісті заң қабылдап, оның орындалуын бақылайт- ын арнайы ведомство қүру, сыбайлас жемқорлыққа қатысты тағы да бірқатар заңдар қабылдау бүгінгі күннің талабы деп санаймыз. 70
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==