Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

Сыбайлас жемқорлық фактілерін айқындау және олардың ал- дын алу функцияларын полиция, прокуратура, ішкі тергеу орган- дары, есеп және тексеру органдары атқарады. Германияда 1995 жылы Ішкі ревизия қызметі құрылды, ол бар- лык мемлекеттік және муниципалдық билік органдарына әртүрлі тексерулер жүргізе алады. Оның қандай орган екенін Солтүстік Рейн-Вестфалия Жерінің мысалында көрсетейік. Қадағалаудың жоғарғы органы - Ішкі ревизияның бас қызметі, ол тікелей мем- лекеттік хатшыға бағынады, ІІМ жүйесінің жалпы қүрылымына кірмейді. Оның негізгі міндеті - ІІМ-де, биліктің жоғарғы органда- рында және басқа ведомстволарда ревизия жасау. Тексерудің негізгі бағыттары: - қызметкерлер жүмысындағы сыбайлас жемқорлыққа шалды- ғуы мүмкін орындарға талдау жүргізу; - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес шара- ларын қайта тексеру; - сыбайлас жемқорлық жайында келіп түскен хабарларды зерде- леу; - басқарудың басқа салаларының жыл сайынғы есептеріне баға беру; - жалпы федералдық масштабтағы сыбайлас жемқорлыққа қар- сы іс-шараларға келісу; - ішкі ревизияларға кәсіби қадағалау жасау; - сыбайлас жемқорлықпен күресті стратегиялық жоспарлау; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзге де іс-шаралар. Бүл қызметте Орта қадағалау буыны бар, ол округтік үкіметтің вице-президентіне бағынады, барлық бөлімдерді, коммуналдық басқарманы, басқа да қүрылымдарды тексереді. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық жазаланатын фактісі анықталған жағдайда материалдарды полицияға не прокуратураға тергеуге береді. Германияда Сыбайлас жемқорлықпен күрестің Федералдық Бағдарламасы бар, ол «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және оған қарсы тұрудың тұжырымдамасы» деп аталады. Мүн- дай түжырымдамалар муниципалдық деңгейде де бар. Олардың 69

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==