Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

1990 жылғы 12 шілдеде «күдікті» шектер және «лас ақшаны» тазартумен байланысы бар деген ақша аударымдары жайында ха- барлауды банктерге жүктеді. Соңғы кездері жоғары мемлекеттік шенеуніктердің өздері лауазымдарынан босатылғаннан кейін жү- мысқа ауысуы мүмкін кәсіпорындар мен банктерге жеңілдік беруі жағына баса назар аударылуда. Францияның 1919 жылғы Қылмыстық кодексінде мемлекеттік ціенеуніктің мемлекеттік қызметте болғанда өзі қадағалау жүргіз- ген компанияға отставкаға шыққаннан кейін бес жылға дейін жү- мысқа түруына тыйым салынған. Бұл бапта екі жылға қамауда ұс- тау және 200 мың франк мөлшерінде айыппүл салу түрінде жаза қарастырылған. 1991 жылғы 3 қаңтарда мемлекеттік тапсырыстар мен қоғам- дық жүмыстар рыногын бақылау жөнінде министрліктераралық комиссия қүрылды. 1993 жылғы 29 қаңтарда қоғамдық жүмыстар рыногын реттеу туралы Сален (loi Sapin) заңы қабылданды. Дағдылы экономика- лық қылмыстарға фаворитизм немесе сүйеушілік қосылды. Бұл жағдайда тапсырыстарды бөліп таратумен айналысатын лауазым- ды адам жеке кәсіпорнына заңда қарастырылмаған қандай да бір жеңілдіктер жасайды. Мұндай заң бүзушылыққа барған шенеунік екі жыл қамауда үстау немесе 200 мың франк айыппүл түрінде жа- заға тартылады. 1993 жылдың қаңтарында 1990 жылғы 15 қаңтардағы заңды толықтырған және өзгерткен заң қабылданды. Бұл заң бойынша сайлау науқанында жүмсалатын шығынның жоғарғы шегі 30%-ға төмендетілді. 1995 жылғы 19 қаңтарда Сеген (loi Seguim) заңы қабылдан- ды, ол қоғамдық жүмыстар рыногының жариялылығын күшейтті, мемлекеттік қызметке тағайындау процесін Есеп палатасы бақы- лайтын болды. Осы заң бойынша француз парламентарийлерінің мүліктік жағдайын бақылауға тиісті Қаржы жариялылығы жөнін- дегі комиссия құрылды. Бүл заң қабылданғанға дейін депутаттар сайлау науқанына жүмсалған қаражаттың мөлшері, өзінің меншігі жайында декларация тапсыратын. 67

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==