Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Сайлау науқанына қаржы табу үшін саяси партиялардың заң- сыз тәсілдерге жүгінуі; саяси-әкімшілік шешім қабылдайтын ше- неуніктер мен лауазымды адамдардың іс-әрекеті; мердігерлік ке- лісім-шарт жасасу кезіндегі билік органдары мен кәсіпкерлер ара- сындағы өзара байланыс жемқорлықтың таралуының негізгі сала- сына айналды. Соңғы кездері Францияда қабылданған, сыбайлас жемқорлық- пен күресті көздеген негізгі заң актілерін қарастырайық. 1988 жылғы наурызда саяси партиялардың есеп-қисабын, олар- дың саяси науқан өткізуге жұмсайтын қаражатын, президенттің, министрлердің, депутаттардың табыстары туралы декларацияны жариялау туралы шешім қабылданды. 1990 жылғы қаңтарда саяси партиялардың сайлау науқанын жеке адамдар, кәсіпорындардың қаржыландыруына лимит бел- гілеу туралы заң қабылданды. 1993 жылғы сайлауда бұл шығын 80 мыңнан аса сайлаушылары бар округтер үшін 500 мың франк мөлшерінде, ал сайлаушылар саны одан аз округтер үшін 400 мың франк мөлшерінде белгіленді. Ал жеке адамдардың бір сайлауға берер қаржысы 30 мың франктен аспауға тиіс. 1000 франктен аса- тын салым чек арқылы аударылады. Бүл заңның негізіне торт принцип алынды: Депутаттың сайлау науқанына 500 мыңнан, президенттің сай лау науқанына (екі турға) 160 млн. франктен аспайтын қаражат жүмсау, саяси жарнаманың кейбір формаларына тыйым немесе шектеу салу және т.б. Жариялылық принципі. Ондағы мақсат - өз функцияларын пайдаланып, өзінің пайда табуы үшін арада делдал болатындардан арылу (Қазақстанда ондайлардан аяқ алып жүре алмайсың). Бақылау принципі. Сол үшін саяси партиялардың есеп-қисап- тарын, сайлау науқанын қаржыландыруды тексеру жөнінде Комис сия құрылды. Алған дауыс санына және сайлау нәтижесінде қолы жеткен депутаттық орындарға қарай партиялар мен сайлау науқандарын мемлекеттік қаржыландыру. Мүндай практика Батыс Еуропаның көптеген елдерінде бар [91, 129-6]. 66
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==