Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
а) Конгрестің өкілдер Палатасы мүшелері мен аппарат қызмет- керлеріне қатысты бақылау - Палатаның ресми іс-әрекеттер стан дарты жөніндегі Комитетіне; б) сенаттар мен Сенат қызметкерлеріне қатысты бақылау - Се- наттың этика жөніндегі Комитетіне; в) федералдық судьялар мен сот аппаратының қызметкерлері- не қатысты бақылау - АҚШ соттарының әкімшілік басқармасына; г) атқарушы билік органдарының лауазымды адамдарына қа- тысты бақылау - үкіметтегі этика жөніндегі басқармаға жүктелді. Бақылау - үкіметтегі этика жөніндегі басқармаға жүктелді. Ба- қылаудың бұл барлық органдарының ұйымдастырылу принцип- тері мен қызметтері үқсас. Олар тергеу жүргізгенде ант бергізіп жауап алады, тиісті қүжаттарды талап етеді. Жауап немесе құжат беруден бас тартқан адам Конгресті сыйламағаны үшін жауапқа тартылады. Комитеттің Сенат мүшесін немесе оның қызметкерлерін айып- тайтын өкілеттігі жоқ, сондықтан ол бүларға қатысты істерді әрі қарай тергеп, айыптауы үшін Әділет министрлігіне өткізеді. Егер ол істе саяси сипат болса, оны қараумен Министрліктің мемлекет- тік шенеуніктердің адалдығы жөніндегі Секторы айналысады. Ол ФТБ-мен бірлесіп жасырын тергеу жүргізеді. Атқарушы билік органдарының қызметкерлері үшін «Үкімет- тік қызмет этикасының кодексі» бар, оның нормаларын президент атынан мемлекеттік хатшы белгілей алады. Әр ведомствоның өз қызметкерлерінің іс-әрекетін бақылайтын арнайы қызметкері бар. Отандық заң шығарушылар, атқарушы және сот биліктері үшін этика жөнінде тиісті заң қабылдау, сондай-ақ этика нормаларының орындалуын бақылайтын арнайы ведомстволар құру билік орган- дарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге септігін тигізер еді деп ойлаймыз. Францияның саяси-әкімшілік жүйесін соңғы онжылдықта жайлап алған сыбайлас жемқорлық қоғамдық пікірге, партиялар мен саяси үйымдардың іс-әрекетіне күшті ықпал етіп отыр. Ол кө- біне саяси партияларды қаржыландырудың тәсілін реформалау қа- жеттігін көрсетті. 65
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==