Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Конгресс палаталарының бүрынғы мүшелеріне бір жылға де- йін лоббистік қызметпен айналысуға тыйым салынған, олардың үшінші жақтың мүддесі үшін палаталарға келуіне, қандай да бір келіссөз жүргізуіне рұқсат етілмейді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті Әділет министрлігінде ті- келей криминалдық басқарма жүргізеді, негізінен ол үйымдасқан қылмыстың ашық бизнеске енуін қадағалайды. 80 жылдары үйым- дасқан қылмыстылық жыл сайын 160 млрд доллардан аса табыс түсіріп түрған [89, 4-6]. Федералдық тергеу бюросының әрекеті басқаша. Ол Ваши- нгтонның мэрі Дж.Бэрридің қүқық бұзатындығын әшкерелегенде кешенді операция жүргізді. Оның есірткі саудасымен айналыса- тындармен байланысы бар екендігіне көзі жеткеннен кейін, оның жүріс-түрысына сырттай бақылау орнатты, агенттер арасынан «бикештер» жіберілді. Ақыры Бэрридің қылмысы дәлелденіп, ол қамауға алынды. 1987 жылы ФТБ өз агенті Силонды Нью-Йорк штатына жіберді. Ол жергілікті шенеуніктермен байланысқа кіріп, екі жыл бойы қала шаруашылығына қажетті құрал-саймандар, тех ника жеткізіп беріп тұрған, ол үшін пара алған. Шенеуніктермен арада болған әңгімені магнитофонға жазып отырған. ФТБ магни- тофонға жазу, камераға түсіру әдістерін әрқашанда қолданады. ФТБ мен комиссиялар шенеуніктердің де, бизнесмендердің де шығысы мен кірісінің өзара сәйкестігіне ұдайы назар аударады. Қандай да бір алшақтық болған жағдайда тиісті жазалау шарасы қолданылады. 1978 жылы АҚШ Конгресі Үкіметтегі этика туралы заң қа- былдады, ондағы мақсат - «мемлекеттік шенеуніктер мен мекеме- лердің адалдығын сақтау және ондай болуына жағдай жасау» еді. Заңға қол қояр кезде, АҚШ Президенті Дж.Картер «бұл заң үкімет шенеуніктерін адал етіп қана қоймайды, оларды адалдықты сақ- тауға мәжбүр етеді» және соның аркасында «қоғам қайсыбір мем- лекеттік шенеуніктің қаншалықты адал екендігін бағалауға мүмкін алады» деген болатын [90, 2 - 3-6]. Кейінірек этикалық нормалардың сақталуын бақылауды жүзе- ге асыратын арнайы ведомстволар құрылды. 64
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==