Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

Былтыр «Трансперенси Казахстан» қорының атқарушы ди ­ ректоры Сергей Злотниковтың «орташа шенеунік бес мың дол- лардың көлігін мінеді» деп ашықтан ашық айтқанын ұмытқан жоқпыз. Біздегі 2006 жылғы сыбайлас жемқорлық нарығының жалпы көлемі 156 миллиард теңге болғаны белгілі. Соның ішін- де кеден саласы - 17 миллиард, сот жүйесі - 13 миллиард теңге көлемінде айналым жасаған. Одан кейінгі орындағы қаржы по- лициясы, әкімшіліктер, әділет органдары, полиция, жерді тіркеу және жылжымайтын мүлік орталықтары 7-10 миллиард теңгенің түбіне су қүйған. Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясат- танушылары қауымдастығы былтырғы сауалнама қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары салалардың қа- тарына ішкі істер, әділет, қаржы, білім және ғылым, денсаулық сақтау ведомстволарын жатқызған. Заң бүзушылық бар жерде жазалау бар. Сыбайлас жемқорлықпен күресте заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері арасындағы міндеттер, құқықтар мен функция- лар қатаң бөлінген. Конгресс өзі шығарған заңдардың орындалуын мүқият қадағалайды. Құкық бүзушылықты бақылауды өз палата- ларының түрақты және арнайы комитеттері арқылы жүзеге асыр- ды. Сыбайлас жемқорлық проблемасымен, негізінен, этика жөнін- дегі Арнайы сенат комитеті мен өкілдер Палатасының лауазымды адамдарының қызметтік іс-әрекеттерінің стандарттары жөніндегі Комитет айналысады. Бұл қылмысқа байланысты мәселелер басқа Комитеттерде де тыңдалады. Комитеттер федералдық министрліктермен және ведомство- лармен ұдайы өзара байланыста болады. Олардың басшылары Ко ­ митеттер алдында есеп береді. 1946 жылы Лоббистік қызметті федералдық реттеу туралы заң қабылданған, оған сәйкес Конгреске қысым көрсететін кез келген үйым өз лоббистерін тіркетіп, заң саласындағы өз мүдделерін ха- барлауға тиіс. Әрбір лоббист «Конгресс ведомостарында» тоқсан сайын өз қызметі жайында есеп жариялауы керек. Бүл заңды бүз- ғандарға 10 мың доллар айыппүл немесе 5 жылға дейін түрмеде ұстау түрінде жаза қолданылады. 63

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==