Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Б¥¥-ның 2003 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлық- пен күрес Конвенциясына» сәйкес заңсыз байлыққа ие болған шенеуніктің қылмысы заң алдында дәлелденуі тиіс. Мемлекет басшысы Қазақстан жақында Б¥¥-ның сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Конвенциясын ратификациялайтынын айтты. 140 мемлекет қосылған Конвенция елімізге осынау қоғамдық індетпен күресте жаңа міндеттер жүктейді. Бүл бойынша мемлекеттік қыз- метке келген азамат артықшылықтарға емес, шектеулерге ұшырай- ды. Сондықтан Конвенцияға қосыла отырып, Салық кодексіне са- лық органының салық төлеушіден ірі сомадағы сатып алу немесе сату, дүние-мүлкі туралы сүрау салуға қүқық беру туралы арнайы баптар енгізу қажет. АҚШ пен ЕҚЫ¥-ға мүше елдердің бас ауруы шетелдік әріп- тестерді ақшаға сатып алу болып табылады. АҚШ компаниялары дамушы елдердің нарығын оңай жаулап алу үшін ондаған миллион доллар жұмсайды екен. Бүл компанияға тиімді болғанмен, мемле- кетке тиімсіз. Сондықтан ЕҚЫҮ 1997 жылы «Халықаралық істер операцияларын жүргізуде шетелдік мемлекеттік лауазымды түлға- ларды парамен сатып алуға қарсы күрес Конвенциясын» қабылда- ды. Шынын айту керек, дамыған елдерде мемлекеттік қызметтің қалыптасқан этикалық нормалары заңнан әлдеқайда күшті. Сыбайлас жемқорлықтың базары қайнап тұр. Кез келген нәрсе сыбайластықтың тауарына айналды. Мәселен, Ресейде облыстық салық инспекторы орынтағының құны 10 миллион доллар көріне- ді. Ресейліктер жылына 30 миллиард доллар көлемінде пара береді екен. 2005 жылы сыбайлас жемқорлықтағы көлеңкелі айналым 319 миллиард долларға жеткен. Ресей мен Қазақстанның мүмкіндігін 10 - қатынасымен өрнектесек, біздегі жемқорлықтың қаншалықты екенін оқырманның өзі есептей жатар. Ұзынқүлаққа сенсек, бізде қатардағы тергеуші болып жүмысқа кірудің ставкасы 600-ден 5000 долларға дейін барады. Сондай-ақ 2000-3000 доллар берсеңіз, жай кеденші болу бақытына ие боласыз. Сол кеденшіңіз жалақыдан бөлек айына 3000-4000 доллар ақшаны күреп табады. Сол сияқты жергілікті полиция бастығының орны 15000 - 20000 доллар тура- тын көрінеді. 62
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==