Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

емес, сыбайластықтан көз ашпай келеді. Сомали, Руанда, Ботсвана сыбайластық жайлаған ел ретінде қара тізімнің ең соңында жүр. Б¥¥ бас хатшысы Пан Ги Мунның мәлімдеуінше, сыбайлас жем- қорлық салдарынан дамушы елдер 20 - 40 миллиард долларынан айырылады. Тек Африка елдері жыл сайын 148 миллиард жоғалта- ды, бұл олардың ІЖӨ-нің 25 пайызына тең. Латын Америкасы елде- рінде криминалды экономиканы уысында үстайтын күшті мафия- лық топтар ресми билікке ырық бермей келеді. Бұл құрлықта саяси тұрақсыздық қалыпты жағдай. Әрине, латынамерикалық сыбай- ластық азиялық үлгіден қатаңдау, ал африкалық үлгіден тәуірлеу. Транспаренси Интернешнл ұйымының «Сыбайлас жемқорлық индексі - 2007» жылдық есебі бойынша Дания, Финляндия, Жа ­ да Зеландия, Сингапур, Швеция, Исландия, Нидерланды алдыңғы шептен орын алды. Соның ішінде жұрт сыбайлас жемқорлықпен күресте сингапурлық үлгіні жиі ауызға алады. Сингапур 1965 жы- лы тәуелсіздік алған кезде жемқорлық жайлаған ел болатын. Жемқорлықпен күрестің шведтік үлгісі де тегін емес. Мемле- кеттік құжаттар ашықтығын қамтамасыз етті, тәуелсіз сот жүйесін құрды. Қоғамда абырой, тазалық - әлеуметтік норма саналды. Ше- неуніктердің жалақысын 12-15 есе көтеріп тастады. нидерлан- дыда жемқорлық әрекеттер тұрақты түрде талқыланып, кінәлілер тиісті жазаға тартылып отырады. АҚШ заңдар жинағы (USE Code), 201-бабының бірнеше тар- мақтарына сәйкес азамат пара беру мен алу, уағдаласу жайттары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Пара беруші үш еселенген айып телеуге міндетті немесе 15 жыл мерзімге бас бос- тандығынан айырылады. АҚШ-та кез келген шенеунік секілді пре ­ зидент те қылмыстық жауапкершіліктен қүтылмайды. Мәселен, АҚШ вице-президенті Спиро Агню парақорлықпен айыпталып, қызметінен босатылғаны былай түрсын, ендігі саяси мансабына есік жабылды. XVIII ғасырда өмір сүрген Алексис де Токвиль аме- рикалықтардың бойында өзін-өзі түзеу мен өзін-өзі дамытуға де ­ ген сүйіспеншілік бар екенін айтады. Бүл сүйіспеншілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте заңнаманы үнемі жетілдіріп отыруға себін тигізді. 61

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==