Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
әшкереленгеннен кейін (1977 ж.) шетелдік сыбайлас жемқорлық практикасы туралы заң қабылданды [86, 54-6]. Корпорациялар үшін 2 млн. долларға дейін айыппүл, жеке адамдар үшін 5 жылға дейін түрмеде үстау санкциясы белгіленді. Бұл көрсетілген қылмыстық әрекеттер ұшақ, кеме, қару-жарақ, әскери техника, мүнай өнімдері саудасында, әскери және азамат- тық құрылыстарға келісім-шарт жасағанда жиі кездеседі, себебі бүл жерде стандартты баға жоқ, ал әртүрлі деңгейдегі лауазымды адамдарға «алғыс айту» бүрыннан бар. Үкіметтік емес «Transperency International» (Халықаралық жариялылық) ұйымының деректеріне қарағанда 100 мың доллар- дан 5% жоғары лауазымды адамдарды, ал 100 млн доллардан 5% мемлекет басшысын «жолдан тайдыра» алады екен, ол сома кор порация үшін түкке де түрмайды [87, 23-6]. Мысалы, табиғи мо нополист - Ресейдің «Росворужение» компаниясы 10, тіптен 20 % комиссиондық сыйақы алады екен. Сондықтан халықаралық сы байлас жемқорлықпен күреске қатысты арнайы үсыныс даярлан- ды. Ол Еуропа Кеңесінің, БҮҮ-ның, Дүниежүзілік банктің, Халы- қаралық валюта қорының, Дүниежүзілік сауда үйымының, Еуропа Одағының мүдделеріне сай келеді. Американың заңнамасында сыбайлас жемқорлық ұғымының, оның мәні мен мазмүнының, ерекшеліктері мен түрлерінің анық- тамасы берілген, олардың алдын алу шаралары анықталған. Пара үшін оның үш есе мөлшеріндегі айыппұл немесе 15 жылға дейін түрмеде үстау, не екеуін бірдей қолдану, ал ауырлататын мән-жай- ларда - 20 жылға дейін қамауда үстау көзделген. АҚШ-та құқық бұзушылықты қадағалаудың қатаң жүйесі қү- рылған. АҚШ Конгресінің Сенаты мен өкілдер Палатасының ко- митеттері, Үкіметтің этика жөніндегі комитеті жүмыс істейді. Әділет министрлігі барлық шаралардың үйлестірушісі рөлін атқа- рады. Сыбайлас жемқорлыкпен күресте Федералдық тергеу бюро- сының алатын орны ерекше. Бүл жұмысқа сондай-ақ, прокуратура, Пентагонның арнайы қызметі, полиция, сот қатысады [88, 17-6]. Сыбайластықтың ең сорақасы Африка құрлығында екен. 60-жылдары тәуелсіздік алған Африка елдері отаршылдықтан 60
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==