Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 13-бабына сәйкес, мем- лекеттік қызметке тұратын және мемлекеттік қызметтегі барлық азаматтар жыл сайын салық органына өзінің барлық табысы жө- нінде декларация тапсырып түруы тиіс. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, жемқор шенеуніктер өз мүлкін отбасы мүшелерінің атына жаздырады. Лауазымды адамдардың, олардың отбасының табыстарын ба- қылау барлық өркениетті елдерде бар. Ол Мемлекеттік лауазымды адамдардың іс-әрекетінің Халықаралық Кодексі жобасының 8-ба- бында көрініс тапқан. Онда: «Мемлекеттік лауазымды адамдар өзі- нің жеке мүліктері, зайыбының (ерінің) активтері мен міндеттеме- лері жайында дерек береді» делінген. Тікелей әрекет ететін «Сыбайлас жемқорлықпен күрес тура ­ лы» заңнан басқа, шетелдерде көптен бері бар басқа да бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар қабылдау керек, қылмыстық заңға да өзгеріс енгізген жөн. Себебі, сыбайлас жемқорлық екені айқын көрініп түрған кейбір әрекеттер Қылмыстық кодексте көрі- ніс таппаған. Мысалы: - өзінің бас пайдасы үшін қызмет бабын пайдаланып мемлекет қаражатын коммерциялық қүрылымдарға аудару; - лауазымды адамдардың өз пайдасы үшін коммерциялық қүры- лымдарға жеңілдік жасауы; - мемлекет қаржысын және басқа да ресурстарды сайлау қорына аудару және т.б. Парламенттің жаңа құрамы сайланғаннан кейін Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесінде түбірлі өзгеріс болар деген үміт бар. Себебі, Елбасы заңның барлығымыз үшін бірдей екендігін, билік органдарында тәртіп орнату керек екендігін, қү- қық қорғау органдарының қызметіне араласуға болмайтындығын соңғы кездері баса айтып жүр [85, 45-6]. Халықаралық қауымдастық шетелдердің лауазымды адамда- рын сатып алғандық үшін қылмыстық жауапкершілік керек екен- дігін айтады. Оны енгізген бірінші ел АҚШ болатын. Ірі корпо- рациялардың шетелдік тапсырыстарды алу үшін пара төлейтіндігі 59

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==