Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

орналастырады. Кейін ол шенеунік мүндай ұйымдарға мынадай көмек көрсетуі мүмкін: - көбірек қаржы бөлуі; - шартты орындамағаны үшін айыппұл санкциясын қолданбауы; - конкурс жүргізбей және баға мониторингісіз өз «фирмасымен» шартқа отыруы; - әртүрлі рүқсаттар, лицензиялар алуға көмектесуі; - мемлекет үшін пайдасы жоқ өзара есеп жүргізуі; - салық жеңілдігін, жалдау ақысы бойынша жеңілдік беруі. Басшы қызметкерлердің коммерциялық немесе басқа үйым- дармен үласып кетуінің алдын алу, олардың отбасы мүшелерінің мемлекеттік билік органдарына қандай да бір тәуелді үйымдарда кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салу мақсатында тиісті нор- малар енгізу қажеттігі туындап отыр. Мысалы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сыбайлас жем- қорлыққа қарсы сипаттағы бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек: Заңның 1-бабының 3-тармағы мына редакцияда берілсе: - бағынышты үйымдарда не мемлекеттік билік органдарымен шарттық қатынастағы немесе олар қаржыландыратын, не оларға қандай да бір тәуелділіктегі ұйымдарда өзі, сондай-ақ өзінің отбасының мүшелері арқылы немесе басқа адамдар ар- қылы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға; Заңның 1-бабының 7-тармағы мына редакцияда берілсе: - егер занда өзгедей көзделмесе немесе егер занда белгіленген тәр- тіпте өзіне бүл үйымды басқаруға қатысу тапсырылмаса, коммер- циялық үйымның басқару органының мүшесі болуға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда өз қызмет бабын пайдаланып жеке және заңды тұлғаларға занда көзделмеген кез келген көмек көрсетуге жә- не ол үшін өзі, сондай-ақ өз отбасының мүшелері және басқа адам ­ дар арқылы сыйақы, көрсетілетін қызмет және жеңілдіктер алуға. Сонымен қатар 23-баптың 3-бөлігіне мынадай толықтыру ен- гізілсе: «Өзінің лауазымдык міндеттерін табысты және адал атқар- ғаны, ұзақ және мінсіз қызметі үшін мемлекеттік қызметкерлерге зейнеткерлікке шыққанда арнайы үстемақы төленуі мүмкін». 58

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==