Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

Жариялылықтың құдіретті күшін жеткілікті пайдаланбай келе- міз. Сыбайлас жемқорлықпен айыпталған белгілі бір лауазым иесі үшін жариялылық арқылы қоғамдық пікір туғызу оны қамауға ал- ғаннан әлдеқайда ауыр. Бүл тақырыптарға өткір материалдар бүқа- ралық ақпарат қүралдарында тіпті жазылмайды. Тәуелсіздік жыл- дары жоғары эшелондағы ондаған лауазымды мемлекеттік қыз- меткерлер орындарынан босатылады. Олардың бірсыпырасының қызметтерінде сыбайластық фактілері болмады емес, болды. Бірақ ондай қызметкерлердің бірде-бірінің қылмысқа тартылғанын ес- тіген жоқпыз. Сол себепті «су бетіндегі шабақтар торга түсіп, те- реңдегі шортандар сайраңдап жүр» деген сөздің мәтелге айналып кетуі жайдан-жай болмаса керек. Жарлықта, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың мем- лекеттік қызмет жүйесінде көрініс табуының негізгі формалары анықталған. Мысалы, шенеуніктерге: - кәсіпкерлік қызметпен айналысуға; - өз қызмет бабын пайдаланып кез келген жеке және заңды түл- ғаға заңда көзделмеген көмек көрсетуге, ол үшін сый-сияпат алуға; - кез келген ақы төленетін жүмысты (ғылыми, оқытушылық жә- не шығармашылық қызметтен басқа) қоса істеуге, ортадағы адам арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, өзі қызмет атқаратын органның басқа біреулердегі өкілі болуға; - өзі немесе өкіл арқылы акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе өзгедей шаруашылық субъекті- лерін басқаруға қатысуға тыйым салынған. Бүл тыйымдардан басқа Жарлық мемлекеттік қызметкерлердің басшы қызметке тағайындалған кезде өзінің табыстары, мүліктері, құнды қағаздары жөнінде декларация тапсыруын міндеттеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, шенеуніктер көбіне өз отба- сының мүшелерін мемлекеттік билік органдары шарттық қаты- настағы немесе оларға бағыныштағы үйымдардың қүрылтайшы- ларының құрамына енгізеді немесе басшы, айлығы көп қызметке 57

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==