Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

түсіреді, заңдылық принципін бұрмалайды, экономикалық рефор ­ ма жүргізуге кедергі келтіреді...» делінген [84, 3-6]. Ал «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 2-бабында былай деп жазылған: «1. Осы Заңда мемлекеттік мін- деттерді атқаратын адамдардың лауазымдық өкілеттігін және со- ған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, же- ке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игі- ліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бүл адамдарға жеке және заңды түлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды қүқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жем- қорлық деп үғынылады». Біріншіден, энциклопедиялық сөздікпен салыстырғанда Заңда қылмыс субъектілері әлдеқайда әлсіреген. Оны «мемлекеттік мін- деттерді атқаратын» дей салған. Бәлкім, Заңды дайындағандар са- яси және қоғамдық қайраткерлердің оңайлықпен ұсталмайтынын күн ілгері білген шығар. Сондай-ақ сөйлем құқықтық және линг- вистикалық жағынан шұбалаңқы. Түсінікке ауыр. Біздегі қазақ ті- ліндегі заңдардың көбісі осындай. Өйткені, заңдар алдымен орыс тілінде жазылады да, сонан соң қазақ тіліне аударылады. Ол мәтін- ге тиісті көңіл бөліп жатқан ешкім жоқ деуге болады. Екіншіден, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдарға те- ңестірілгендер кімдер? Оған Заңда түсініктеме берілмеген. Со ­ нан соң осы «коррупцияны» «сыбайлас жемқорлық» деп аударып, ертеден келе жатқан «шектес, жақын, көршілес, қатарлас» деген сөздердің синонимі болып келе жатқан «сыбайластың» тура мағы- насын емес, ауыспалы мағынасын құқықтық терминге салдық та, сыбайлас сөзі жүрттың зәресін алатын үғымға айналды. Бүгінгі сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі бірыңғай қүқықтық амалдардың тиімділігі жетімсіз екенін көрсетіп отыр. Кешенді шараларды байыта түсу керек. Соның бірі - жариялылық. Халық қылмыс фактілерін де, оны жасағандарды да дер кезінде молырақ біліп отырса, олардың істің нәтижесіне деген сенімі кү- шейеді. 56

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==