Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
қызметкерлердің қызмет этикасын сақтауы жөнінде Комиссия кү- рылды. Ол жергілікті тәртіптік кеңестердің қызметін үйлестіруге тиіс еді, бірақ олармен ара байланыстың нақты тетіктері болмады, оның тәртіптік кеңестері атқарушы органдарға тәуелді еді. ҚР Президентінің 14.04.2005 жылғы «Сыбайлас жемқорлық- пен күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адам- дардың қызметіндегі тәртіпті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шыққаннан кейін, облыстар мен қалаларда Мемлекет- тік қызмет істері жөніндегі агенттіктің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тәртіптік кеңестері қүрылды. Осы Жарлық- ты орындау мақсатында Мемлекеттік қызметкердің ар-намыс Ко декс! қүрастырылды, онда мемлекеттік қызметкерлерден талап еті- летін нормалар, стандарттар келтірілді. 2005 жылдың желтоқсанында ҚР Президенті «Сыбайлас жем- қорлықпен күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын бекітті» [83, 12-6], ал 2006 жылдың ақпанында ҚР Үкіметінің бұл стратегиялық құжатты іске асыру шараларының жоспары туралы Қаулысы шықты. Бүл аса маңызды іс-шараға Қазақстан ғалымдары да, оның ішінде И.И.Роговтың ынтасымен 2000 жылы қүрылған «Қазақ- станның криминологиялық қауымдастығының» мүшелері де ат са- лысуға тиіс. Бүл қауымдастықтың «Қылмыстылықтың алдын алу» («Предупреждение преступности») деп аталатын журналы бар, оның бас редакторы профессор Н.Н.Турецкий. 1.3. Қазақстандық және шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық үғымы қазақстан заң- намасында әлі күнге дейін норма түрінде бекімеген. Бұл термин алғаш рет 1998 жылғы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңда қолданылды, онда «Билік пен басқару органдарындағы сы байлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделеріне қысым жасайды, демократиялық бастаулар мен қү- қықтық тәртіпті бүзады, мемлекеттік аппарат қызметінің беделін 55
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==