Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді соттардың қарау тәжірибесі туралы» нормативтік қаулы қабылдады. Бұл қаулының сыбайлас жемқорлық ұғымының және бұл қыл- мыс субъектісінің анықтамаларына қатысты бөлігі «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңнамамен үйлеспейді деген дәлелмен оған Бас прокуратура қадағалау наразылығын білдірді. Ал Жоғарғы Сот пленумы сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін қылмыстық жауап- кершілік те, жаза да тек Қылмыстық кодексте қарастырылған деп жауап қайтарды. Соған байланысты және «Қазақстан Республикасының сыбай лас жемқорлықпен күрес мәселесіне қатысты кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес сыбай лас жемқорлық қылмыстардың нақты тізбесі анықталды, ол ҚКнің 307-бабының түсініктемесінде көрсетілді [82, 2 - 4-6]. Сонымен бүгінгі күні Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күрес көзделген заңнама бар және ол дамуда, сы байлас жемқорлыкқа қарсы саясаттың негізі қалануда. 1998 жылғы желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен Сыбайлас жемқорлықпен күрестің 1999 - 2000 жылдарға ар- налған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Онда бұл қүбы- лыстың өзімен емес, оны тудыратын себептермен күресу керектігі баса айтылды. Бұл Бағдарлама қабылданар алдында Жоғарғы тәртіптік кеңес Мемлекеттік комиссия болып кайта қүрылды, оның міндеті - құ- қық қорғау және басқа органдардың осы саладағы қызметін үйлес- тіру, тиісті үсыныстар даярлау, мемлекеттік аппаратта орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тергеуін бақылау, идеология- лық-насихат жұмыстарын жүргізу. 2000 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқор- лықпен және қылмыстылықпен күрес жүйесін жетілдіру жөнін- дегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Ал 2001 жылдың қаңтарында «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің2001 -2005 жыл- дарға арналған Мемлекетгік бағдарламасы» қабылданды. 2002 жылғы сәуірде Президент Жарлығымен Президент жаны- нан Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері және мемлекеттік 54
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==