Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

халқына Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық бастауларына, мемлекеттің конституциялық негіздеріне қауіп төн- діруде, сондықтан оған қарсы түру - жалпыұлттық міндет» деп көрсетті [81, 1 -2-6]. ҚР Президентінің 1998 жылғы қыркүйектегі Жарлығы- мен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік қүрылды. Бір жылға жетпей Парламент «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң- ның жаңа редакциясын қабылдады, онда сыбайлас жемқорлық жа- саған адамдардың мемлекеттік қызметке тұруын шектеумен бай- ланысты нормалар қарастырылды. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері жемқорлық қылмыстар тізбесі неше қайтара өзгерді. Мысалы, Бас прокурор мен Әділет министрінің 13/16.10.1998 жылғы алғашқы бірлескен бұйрығымен Қыл- мыстық кодекстің 193-бабының 2-бөлігінің «в» тармағында, 189-бабында, 200-бабының 2-бөлігінде, 209-бабының 2-бөлігінің «б» тармағында, 214-бабының 2-бөлігінің «б» тармағында, 221, 224 және 225-баптарында, 250-бабының 2-бөлігінің «б» тармағын- да, 307, 308, 310-315-баптарында, 339-бабының 3-бөлігінде, 345, 350 және 380-баптарында көзделген қылмыстар сыбайлас жемқор- лық қылмыстарға жатқызылды. Бас прокурор мен Әділет минист- рінің 4/9.03.1999 жылғы келесі бірлескен бұйрығымен жемқорлық қылмыстар қатарына 189,224,307-308, 310-31 5-баптарда, 339-бап- тың 3-бөлігінде, 345, 350 және 380-баптарда көзделген қылмыстар жатқызылды. Ал бұл екі ведомость басшыларының 2000 жылғы 1 шілдеде күшіне енген бірлескен бұйрығы жоғарыда келтірілген тізбені өзгертіп, сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп 176-бап- тың 2-бөлігінің «в» тармағында, 3-бөлігінде, 177-баптың 2-бөлі- гінің «в» тармағында, 3-бөлігінде, 189-бапта, 209-баптың 2-бөлігі- нің «в» тармағында, 3-бөлігінде, 224, 228, 231, 307, 308, 310-313, 31 5-баптарда, 339-баптың 3-бөлігінде және 380-бапта көзделген іс-әрекеттерді санады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен байланысты істер бойынша сот жүмысын әрі қарай жетілдіру, кемшіліктерді жою мақ- сатында Жоғарғы Сот 13.12.2001 жылы «Сыбайлас жемқорлықпен 53

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==