Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Сыбайлас жемқорлықтың кең етек алуына кеңестік кезеңде мынадай факторлар ықпал етті: Құқықтық базасы мен құқықтық мәдениеті нашар жаңа эконо- микалық жүйеге бірден өтіп кету; Кеңестік кезенде жөнді құқықтық жүйе мен тиісті мәдени дәс- түрдің болмауы; Партиялық бақылау жүйесінің ғана емес, барлық бақылау ор- гандары жүйесінің күйреуі; Қабылданған нормативтік актілердің орындалуына мемлекет- тік бақылаудың әлсіреуі. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жайы, негізі- нен, бағыт алған үрдісіне және көшпелі кезеңге байланысты. 1997 жылғы Қылмыстық кодексте лауазымды адамдар жасаған қылмыстар «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдде- леріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар» деп аталатын 13-тарауда қарастырылған. ҚР Президент! Н.Ә.Назарбаевтың 21.10.1997 жылғы «Қазақ- стан Республикасының Жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлы- ғында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түру және оның алдын алу шараларына алғаш баса назар аударылды. Кеңес құрамына белгілі және беделді адамдар, жұртшылық, баспасөз өкілдері кірді. Өз жүмысы барысында Кеңес сыбайлас жемқорлықтың қа- зақстандықтардың күнделікті өміріне қатысы бар салаларда - ден- саулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында, мемлекеттік басқарудың төменгі орындарында кең етек алғандығын анықтады. Президент Әкімшілігіне, Премьер-ми нистр кеңсесіне, басқа да республикалық органдарға түсіп жатқан арыз-шағымдардың 80%-дайы облыстық және аудандық деңгейде- гі шенеуніктердің қызметімен байланысты екен [80, 2-6]. Сондықтан аймақтарда да тәртіптік кеңестер құрылды. Айта кететін бір жағдай — ТМД елдері ішінде Қазақстан сы байлас жемқорлыққа қарсы заңнама және оған қарсы тұрудың мемлекеттік жүйесін жасауға бірінші болып кірісті. 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заң қабылдан- ды. Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің 30.09.1998 жылғы Қазақстан 52
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==