Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Бесіншіден, сыбайлас жемқорлық нарықтық қатынастарды жоспарлы экономикаға ендірудің бірден-бір тәсіліне айналды. Оны сыбайлас жемқорлықтың тез етек алғандығынан көруге бо- лады. Ол мемлекет әлсіреген сайын күшіне ене бастады. Ақыры, СОКП-ның Орталық Комитетінің секретариаты 1991 жылы шіл- деде «Экономика саласындағы қылмыстылықпен күресті күшейту қажеттігі туралы» қаулы қабылдады. Бірақ онда парақорлық, сы байлас жемқорлық жайында сөз қозғалмады. Сонымен, мынадай түжырым жасауға болады. Сыбайлас жемқорлық ауқымды мемлекеттік реформа жүргізу кезеңінде кең етек алатын күбылыс, Петр I кезінде де солай бол тан, қазіргі кезде де солай, ал оны тек жазалау шаралары арқылы жою немесе азайту мүмкін емес. Патшалық Ресейдің кейбір патшалары сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды анықтауға және оған тос- қауыл болатын кейбір нормативтік актілер қабылдауға әрекеттенді. Бірақ ол талпыныстарынан ойдағыдай нәтиже шықпады. Көбіне күрес бүл қылмыстың себептерімен емес, салдарымен жүргізілді. Революцияға дейінгі Ресейде қылмыстық-құқықтық нормалар- дың жетілуі нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың мынадай фор- малары анықталды: парақорлық, бопсалаушылық, мемлекет мүл- кін үрлау. Революцияға дейінгі Ресейдің мемлекеттік және әкімшілік қү- қығында «лауазымды адам» мен «мемлекеттік қызметкер» ұғым- дарының мәні бірдей болды. Сондықтан да қылмыстық қүқық, өзі- нің ішкі мүмкіндіктеріне сүйене отырып, «лауазымды адам» үғы- мының анықтамасымен байланысты проблеманы шешудің жолын іздестірді. Ондай жолды анықтады да: а) заң мәтініне лауазымдық қылмыстардың субъектісі болып табылатын лауазымды адамдарды сипаттайтын кейбір белгілерді кіргізу; б) бұл субъектіге жататын адамдар тобын білдіретін нақты тер- миндерді (ұғымдарды) заңға кіргізу, бүл ұғымның шегін анықтауда сот тәжірибесіне мүмкіндік беру. 51
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==