Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
Үшіншіден, жоғары түрған кеңес және партия қызметкерлеріне заңның қолы жетпейтін. Тек үшақ істі: Г.О.Георгадзеге (КСРО Жо- ғарғы Кеңес Президиуымының төрағасы), С.В.Медуновқа (Крас нодар өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы), С.Т. Щело- ковқа (КСРО Ішкі істер министрі) қатысты істерді айтуға болады. Ал Сыртқы сауда министрінің орынбасары А.Р.Сушковқа қатыс- ты іс қозғалып, министр А.П.Патоличевтің шетел фирмаларынан қымбат сыйлықтар алып тұрғандығы айқындалғаннан кейін Орта- лык Комитет істі жаптырды. 80-жылдардағы «өзбек істерінде» де қылмыстық әрекеттер тіз- бегі Мәскеуге барып тіркелген соң, істің тергеуі тоқтатылды. Әзербайжандағы парақорлықпен күрес жайында сүрақ қой- ғанда КСРО МҚК төрағасының бүрынғы орынбасары Ф. Бобков Әзербайжан Компартиясының бірінші хатшысы Г.Алиевтің «Әзер- байжан Компартиясының Орталық комитетінде ешкімнің пара ал- майтындығына кепілдік беремін» дегенін айтты [79, 75-6]. Ал. ке- йін Орталық Комитет хатшыларының біріне 5000 сом пара берген аудандық бірінші хатшы сотталып кеткен. Кейін анықталғандай, ОК хатшысы өзіне пара бергенге емес, параны аз бергеніне ашу- ланған. Одақ тарар алдында одақтық және республикалық ІІМ Қазақ- станда «Шырмауық» атты жедел шара жүргізді. Алдын ала тер- геу барысында парақорлық және қазына үрлау фактілері бойынша 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 14-і қамал- ды. Қарағанды металлургия комбинаты бас директорының пара ал- ғандығы және заңсыз сыртқы экономикалық қызметпен айналыс- қаны анықталды. Кезінде КСРО ІІМ-нің 6-баскармасын басқарған А.Гуров өзінің «Қызыл мафия» атты кітабында аталған комбинат директорының жазаланбақ түрмақ, қызмет бабында көтеріліп кет- кендігін айтады, ол - ресми үкіметтің бірінші Вице-премьері қыз- метіне тағайындалған Олег Сосковец еді [79, 105-6]. Төртіншіден, мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлық- пен тек сол аппараттың өкілдері ғана күресті. Олар бұл қылмысты тудырып отырған өздерінің түбірлі принциптерін өзгерте алмады. Сонымен қатар бүл жерде бақталастық та орын алып отырды. 50
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==