Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

1959 - 1962 жылдар аралығында қабылданған республикалық кәсіпорында, мекемеде, ұйымда үйымдастырушылық-билікті не- месе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындаумен байланыс- ты қызмет атқарушы адам лауазымды адам деп танылды, ал «жал- пы мемлекеттік міндеттер» атқарушы адам алынып тасталды. Кеңес үкіметінің сыбайлас жемқорлықпен күресі табысты бол- мады. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, 80-жылдардың аяғына дейін «сыбайлас жемқор- лық» сөзі қолданылмады. Оның орнына «парақорлық», «қызмет бабын теріс пайдалану», «бетімен кетушілік» сияқты терминдер пайдаланылды. Екіншіден, кеңестік «құқықтық санада» сыбайлас жемқор- лық құбылыстарына үстіртін қараушылық болды. Мысалы, СОКП ОК-нің 29.03.1962 жылғы «Парақорлықпен және халық игілігін ұрлаумен күресті күшейту туралы» жабық хатында «парақорлық - қанаушы қоғам жағдайында пайда болған әлеуметтік қүбылыс» делінді. Сыбайлас жемқорлықтың себептеріне партия, кәсіподақ органдарындағы, еңбекшілерді тәрбиелеудегі кемшіліктер жатқы- зылды [78, 2 - 3-6]. 1980 жылы парақорлықтың 6000 фактісі айқындалған, ол 1975 жылмен салыстырғанда 50%-ға көп. Ұйымдасқан топтар пайда бола бастады (КСРО Балық шаруашылығы министрлігінде- гі ондай топта министрдің орынбасары басқарған 100-ден аса адам болған). Республикаларда министрлер мен министрлердің орынба- сарларының сотталғандығы, бақылаушы органдардың қылмыстық элементтермен жең үшынан жалғасатындығы, прокуратура мен соттарда парақорлықтың етек алғандығы туралы айтыла бастады. Мүның себебі ретінде мыналар көрсетілді: - кадр жүмысындағы елеулі қателік; - азаматтардың заңды өтініштерін қараудағы бюрократизм; - азаматтардың шағымдарымен жүмыстың нашарлығы; - мемлекеттік, жоспарлық және қаржылық тәртіптің өрескел бұ- зылуы; - парақорларға жұмсақ жаза беру. 49

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==