Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

олар үшін «әкімшілік кепілдігі деп аталатын тәртіп белгіленді, ол бойынша бұл адамдар өз әкімшілігінің рүқсаты болған жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылатын». Басқа жағдайлар- дың барлығында кәсіподақ қызметкерлері жеке азамат ретінде қа- ралды [72, 56-6]. «Жеке тұлғалар мен жеке мекемелердің емес, мемлекеттік ме- кемелердің, мемлекеттік тапсырма орындайтын ұйымдардың қыз- меткерлері жасаған қылмыс лауазымдық қылмысқа жатады», - дейді М. Кожевников [72, 6-6]. 30 - 40-жылдары ғылыми ортада дәрігерлерді, оқытушылар- ды, сауда қызметкерлерін және т.б. лауазымды адамдар деп тану жөнінде пікірталастар болды. Тіптен Б.С.Утевский барлық жұ- мысшылар мен колхозшыларды да солардың қатарына жатқызу туралы ұсыныс жасады, себебі ол кезде ой еңбегі мен қол еңбегі арасындағы айырмашылықты жоямыз деген саясат болатын [73, 262-6]. Бірақ «лауазымды адам ұғымының жұмыс істейтін бар- лык адамдарға түгел таралуы заңда да, өмірде де кейбір шектеу- лік өлшемдер белгілеуге мәжбүр етті», - деп жазды А.Н.Трайнин [74, 221-6]. Сот тәжірибесі комбайнерлерді, сауыншыларды, колхоз кү- зетшілерін лауазымды адам деп санамады. Сонымен 40-жылда- ры қылмыстық құқық теориясында да, тәжірибеде де лауазымды адамның міндетіне қандай функциялар кіретіндігі дәл анықталған жоқ еді [75, 15-6]. Кейбір авторлар заңда нақты белгілерді көрсетуді ұсынды: «әкімшілік, үйымдастырушылық, шаруашылық немесе басқадай қызметтік міндеттерді» орындау [76, 23-6], «лауазымы бойынша әкімшілік және ұйымдастырушылық-шаруашылық функциялар- ды жүзеге асыру», «жедел-биліктік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды, яғни а) мекемені немесе кәсіпорынды басқарумен, 6) заңдық маңызы бар әрекеттерді жасаумен байланысты міндет- терді жүзеге асыру» сияқты [77, 34-6]. Бүл өлшемдер РСФСР-дің 1960 жылғы Қылмыстық кодексіне кірді. 48

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==