Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
«кеңестік қүқық «лауазымды адам» ұғымының мазмүнын кеңейту тұрғысынан буржуазиялықтан да асып түсті» [68, 30-6]. Екіншіден, қылмыстық-құқықтық саясаттағы мұндай бағыт басқару жүйесіндегі өзгерістермен байланысты болды. Еңбек- шілер тікелей немесе әртүрлі қоғамдық тетіктер арқылы «күнде- лікті мемлекеттік функциялар атқаруға тартылды». Бұл жайында А.А. Пионтковский былай деп жазды: «Кеңестік қылмыстық қү- қык бойынша лауазымдық қылмыстар шеңберін үғыну және оның буржуазиялық қылмыстық заңнан ерекшелігін айқындау үшін ке- ңестік мемлекеттік аппараттың айырмашылығын ескеру керек». Кеңестік аппарат, «буржуазиялық сияқты емес, халықтан жоғары түрмайды, ол еңбекшілермен етене бірлесіп кеткен, солармен бір- ге» [69, 8-6]. Қазіргі қүрылыс тұрғысынан алғанда қандай қызметкер бол- масын, атқаратын функциясы елеусіз екендігіне қарамастан, лауа зымды адам болып саналады. Бұдан мынадай тұжырым жасауға болады: «томен сатыдағы қызметкер де, жоғарғы сатыдағы қыз- меткер де лауазымдық қылмыс субъектісі бола алады» екен [70, 34-6]. Қоғамдық ұйымдардың жалпы мемлекеттік маңызы бар міндетті атқарушы қызметкерлері де өз қызметтік міндетін бұзған- дығы үшін мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен теңдей жауапкершілік көтеретін болды [71,22-6]. Сонымен кеңестік қүрылыстың алғашқы кезеңінде кез кел- ген қоғамдық қүрылымның (діни қауымдардан басқа) қызметкері лауазымдық қылмыстар субъектісі бола алады деп саналды. РСФСР-дің 1926 жылғы ҚК-нің 117-бабына сәйкес, «лауазым ды адамның өз қызмет бабын пайдаланып, басқа біреудің пайда- сына бола кандай да бір әрекет жасағаны немесе жасамағы үшін өзі тікелей немесе біреулер арқылы пара алуы парақорлық» деп танылды. Саралаушы белгілер ретінде «пара үшін бұрынғы сотты- лығының немесе неше қайтара пара алғандығының» бар-жоқтығы қарастырылды. Осы кодекстің 109-бабына сәйкес, кәсіподақ үйымдарының басқарушы функциясын атқарушы адамдар да мемлекеттік аппа- раттың лауазымды адамдарының қатарына жатқызылды. Бірақ 47
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==