Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
мемлекеттік, одақтық немесе қоғамдық қызметтегі адамның жауапкершілігі» жаңа редакцияда көрсетілді. РСФСР Қылмыстық кодексінде (1922 ж.) соңғы Декреттің формулировкасы түгелдей сақталды, тек «шантаждың» саралаушы белгісі қосымша енгізілді [66, 87-6]. 1922 жылғы Қылмыстық кодекстің 105-бабының түсініктеме- сінде «қандай да бір мемлекеттік (кеңестік) мекемеде немесе кәсі- порында, сондай-ақ шаруашылық, әкімшілік, ағартушылық және басқадай қоғамдық міндеттерді жүзеге асыруға заң бойынша қү- қығы, міндеті және өкілеттігі бар ұйымдарда немесе бірлестіктер- де тұрақты немесе уақытша қызмет атқаратын адамдар» лауазым иелері деп танылған. Нәтижесінде қылмыстық заңның юрисдик- циясы қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің және қызметтегі, жұмыста- ғы лауазымдық теріс қылықтардың көпшілігіне тарады. 1926 жылғы Қылмыстық кодекстің 107-бабында да лауазым- дық қылмыс субъектісі үғымына да осындай түсініктеме берілді. Украин ССР-інің 1927 жылғы Қылмыстық кодексінің 97-ба- бында лауазымды адамға берілген түсінік те қызығушылық ту- дырады, онда «қандай да бір мемлекеттік мекемеде, мемлекеттік кәсіпорында немесе мемлекеттік капитал басым серіктестікте, кооперативтік, шаруашылық ұйымдарда, сондай-ақ көпшілік-құ- қықтық сипаттағы шаруашылық, әкімшілік, соттық, ағартушылық және басқа міндеттерді жүзеге асыруға қүқық, өкілеттік берілген ұйымдарда немесе бірлестіктерде түрақты немесе уақытша міндет атқарушы адамдар» лауазымды адамдар қатарына жатқызылған. Бүл анықтаманың бұрынғылардан артықшылығы болғанмен, ол мемлекеттің лауазымды қылмыстардың және оның субъектілері- нің шегін белгілеумен байланысты қылмыстық саясатын өзгерте алмады. Лауазымдық қылмыс жасайтындар ауқымы кеңейді. Бірінші- ден экономикалық қатынастар өзгерді, азаматтар енді біртұтас мемлекеттік «синдикаттың» қызметкерлері болып саналды. Әділет халық комиссары Д.И.Курский: «Бұрынғы жеке қызметкерлер мен жұмысшылар лауазым иелеріне айналды. Қазір бізде жеке қызмет жоқтың қасы», - деп жазды [67, 262-6]. А.Эстриннің айтуынша 46
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==