Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика
көреміз. Қандай да бір міндет атқаратын, бірақ мемлекеттік немесе қоғамдық қызмет атқармайтын адамдардың жауапкершілігі туралы нормалар Қылмыстық Жинақтың XXXVII тарауында келтірілген қылмыстардың субъектісі бола алмайтын. «Тіптен мемлекет үшін немесе қоғам үшін бірдеме жасаушы немесе шығарушы адам, оны меншік иесінің немесе кәсіпкердің жеке тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын болса, онда ол «қызметкер» үғымын бермейді». Олар Жазалау туралы Жинаққа және Қылмыстық Жинаққа сәйкес жалпы қылмыс үшін ғана — сенімге қиянат жасағандық, алаяқтық және т.б. үшін жауапкершілік көтерді. 1903 жылғы Жинақ заңды күшіне енген жоқ. Патша үкіметі- нің барлық заңдары 1917 жылы күшін жойды. Ал сыбайлас жем- қорлық сол бетімен қалды, бірақ оған көзқарас екі түрлі сипат алды. 1918 жылы Мәскеу революциялық трибуналы тергеу комис- сиясының пара алған төрт қызметкерін алты айға түрмеге қа- мауға үкім шығарады. Мұны естіген В.И. Ленин істі қайта қарата- ды [64, 56-6]. Сот үсталған төртеудің үшеуін он жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарады. Ленин Д.И.Курскийге хат жазып, парақорларды қатаң жазалау туралы заң жобасын тез енгізудің қажет екендігін айтады, парақорларға жеңіл жаза берген судьяларды партиядан шығару туралы мәселені Орталық Комитет- тің күн тәртібіне қою жөнінде үсыныс жасайды. РСФСР ХКК-нің 8.05.1918 жылғы «Парақорлық туралы» дек рет! осындай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырыл- ған алғашқы қүқықтық акт болды. Онда «өз міндетіне жататын әрекетті орындағаны үшін пара алған» мемлекеттік немесе қоғам- дық қызметтегі адамдардың қылмыстык жауапкершілігі қарасты- рылған. «Қызметкердің айрықша өкілеттігі және параны бопса- лаушылық» ауырлататын мән-жайға жатқызылған [65, 32-6]. ХКК-нің 16.08.1921 жылғы Декретімен баптың пара алушы- ның іс-әрекетін саралауға қатысты бөлігінін формулировкасы бір- шама өзгертілді. «Пара берушінің мүддесіне өз міндетіне жататын қандай да бір әрекетті жасағаны үшін өзі немесе басқа біреу ар- қылы қандай түрде болса да пара алған немесе алуға талпынған 45
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==