Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

үшін мемлекеттік қызметкерлерге белгіленген тәртіпте жазалана- тын болды. Сонымен Жазалау туралы Жинақ және сот тәжірибесі бойынша немесе заңның мәтінінде арнайы көрсетілген лауазымды адамдар немесе атқаратын қызметіне қарай лауазым иелерімен теңестіріл- ген адамдар қызметі бойынша қылмыс субъектісі болуға тиіс еді. Мұндай пікірді 1903 жылғы Қылмыстық Жинақтың жобасын жасау жөніндегі үкімет комиссиясы да қолдады. Бірақ ол алғашқы жоспарынан бас тартып, «қызметкердің» тиісті анықтамасын Жи- нақ мәтініне енгізді. Бұл анықтамадағы лауазымды адамдар қызмет бабында қыл- мыс жасайтындар ауқымын түгел қамтымайды. Ондай іс-әрекетті: а) биліктің өкілі ретінде үкіметтің немесе қоғамдық үйымның тапсырмасын орындаушы шенеуніктер де; б) қызмет бабында өзіне бағынышты адамы жоқ төменгі саты- дағы қызметкерлер; в) төрелік сот мүшелері және басқалар да жасауы мүмкін еді. Ал С.В.Познышев «полиция шенеунігі лауазымды адам емес пе? Қызмет тәжірибесіндегі орны томен болғанмен, ол да лауазым ­ ды адам» дейді [63, 74-6]. Жоғарыда көрсетілген анықтама «лауазымды адам» ұғымына толықтай түсініктеме бере алмайды. Дегенмен бүл алға қарай бас- қан қадам еді. Қылмыстық жинақта «Мемлекеттік және қоғамдық қызмет бойынша қылмыстық іс-әрекеттер туралы» тараудан басқа лауа ­ зым иелерінің басқа санаттарының жауапкершілігін қарастырған өзге де нормалар бар еді. Оларда дәріхана жетекшілерінің, банк мекемесінің басқарушыларының, зауыт, фабрика, өнеркәсіп орын- дарының жауапты қызметкерінің жауапкершілігі қарастырылған. Сонымен, Қылмыстық жинақ қызмет бабындағы әртүрлі қыл- мыстарды өзінің Ерекше бөліміндегі әртүрлі тарауларда қарасты- рып, оларды мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі қылмыстар- дан бөлектеді. Бүдан біз кез келген қызметкердің мемлекеттік немесе қо- ғамдық қызметтегі қылмыстың субъектісі бола алмайтындығын 44

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==