Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күрес: теория және практика

Айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: «лауа- зымды адам» ұғымының шегін анықтауға талпыныс жасаған ре- волюцияға дейінгі криминалистер алдында қиын мәселе тұрды. Жүргізілген әртүрлі іздестірулердің нәтижесінде бүл проблеманы шешуге мүмкіндік беретін жолдар анықталды, олар өз өзектілігін осы уақытқа дейін жоғалтқан жоқ. Ол жолдардың мәні мынада: а) заң мәтініне лауазымды адамдарды лауазымдық қылмыстар- дың субъектісі ретінде сипаттайтын кейбір белгілерді кіргізу; б) заңға адамдардың осы қылмыс субъектілеріне жататын бел- гілі бір тобын білдіретін нақты терминдерді (үғымдарды) кіргізу арқылы сот тәжірибесінде бүл ұғымның шегін айқындауға мүм- кіндік тудыру. Сонымен олар бұл проблеманы шешудің барлық ауыртпашы- лығын сот тәжірибесіне жүктеген еді. Заңдағы формулировкаға сүйеніп, олар қызметі бойынша мемлекеттік немесе қоғамдық мін- деттер атқаратын адамдарды қылмыс субъектісіне жатқызды [58, 537-6]. Олардың қатарына тіптен штаттан тыс, уақытша, тегін не ­ месе жалға істейтін адамдар да жатқызылды [59, 48-6]. Қоғамдық қызметтегі адамдар да бұл субъекті қатарына кіргізілді. Қысқа- сы, «сословиелік, қалалық және т.б. мекемелерде жүмыс істейт- ін, қызметі заңда көрсетілгендердің барлығы қамтылды» - дейді С.В.Познышев [60, 203-6]. Бірақ қызметтің бүл аталған түрлерін жеке қызметтен айыру керек деп саналды. Мысалы, А.Лохвицкий- дің айтуынша, «акционерлік қоғам басқармасының мүшесі қандай да бір керекті немесе керексіз нәрсені жасау үшін ақша алуы мүм- кін, бірақ бүл парақорлық қылмыс емес» [61, 83-6]. Ал пара алған мемлекеттік қызметкер өз әрекетімен мемлекеттің беделін түсіреді [62, 406-6]. Сонымен қатар сот тәжірибесі, мысалы, жәрменкелік көпестіктің өкілетті адамдарын, ішімдік шығаратын зауыттардың қадағалаушыларын, конкурстық басқармалардың төрағаларын жә- не т.б. мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдарына теңестіру- ге болатындығын көрсетті. Өз бетінше тәжірибе жасаушы дәрігер- лер, еркімен жалданған сатушылар, нотариустар, орман күзетші- лері Заң жинағының 1162-бабына сәйкес қызметтегі қылмыстары 43

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==